Мадина Оспанова түсірілім жұмыстарынан босамай, баласына көңіл бөле алмай жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Қазақ еліне +1 комедия. Біз бүгін «Қашан үйленесің?» картинасының түсірілім алаңына келдік. Махаббат машақатынан басы қатқан кейіпкер әскерден жалтарып, қашып кетеді. Сүйіктісіне жете ала ма? Дәл қазір анықтайтын боламыз

Оқиға желісі Ерлан атты бас кейіпкердің Баян есімді аруға ессіз ғашық болып қалуынан басталады. Бірақ оған дәл сол сәтте әскерден шақырту келеді. Сүйгенінен айырылып қалудан қорыққан Ерлан түрлі қулыққа басады. Соңында, «Менің балаларым бар»,-деп өтірік айтады. Ерланның жалған сөзі оны әбден тығырыққа тірейді.

Арнұр Қабдолдаев, актер:

- Ақкөңіл жан, мейірімді, ешқандай арам ойы жоқ. Өзінің ұнатқан қызына «Сәлем» деп те айта алмайтын адамдардың бірі.

Айдана Сахари, актриса:

- Біздің басты кейіпкерге үнемі «Қашан үйленесің?» деген сұрақ қойылады. Ал ол тығылып бір қызды жақсы көріп жүреді. Ол қыз мен – Баян. Бірақ мен ол баланы байқамай жүрем.

«Қашан үйленесің?» картинасында Мадина Оспанова да төбе көрсетеді.

Мадина Оспан, актриса:

- Бұл жақта менің ешқашан көрмеген персонаж деп айта алмаймын. Әдеттегідей мен әйелі боп ойнаймын. Балалары бар отбасы.

- Біз соңғы уақытта сізді үлкен экрандардан жиі көрмей кеттік. Отбасы мен карьераны қатар алып жүру қиын боп жатыр ма?

- Енді көп көрінбей кеттіңіз дегенде енді әр жерге жылтыңдап көріне бергім келмейді, бара бергім келмейді.

Актрисаның бұл фильмдегі партнеры – Данияр Бекжанов. Екеуі ерлі-зайыптылардың рөлінде.

- Осы кинода да сіз ерлі-зайыптылардың рөлінде ойнайсыздар. Сол кезде сіздің жұбайыңыз қызғанып қалмай ма?

-Қызғанатын ешқандай себеп жоқ. Бұл жақта енді бізде бәрі қалай айтсам болады, бұл жерде біздің идеологиямызға, менталитетімізге сай қылып жазады ғой.

Еске сала кетейік, бүгінде Мадина – Табрисхан есімді ұлдың анасы. Оның айтуынша, баласына уақыт бөлу үшін кейбір ұсыныстардан бас тартады екен.

Мадина Оспан, актриса:

- Қандай жағдай болса да, тіпті таң ертеңімен мені түсірілімге алып кететін болса, мен одан да ерте тұрып өзім балама тамақ жасап кетемін. Болмаса түнде барып жасап қоямын.

Данияр Бекжанов, стендапер, актер:

- Мынау негізі айтып кетейін менің алғашқы кином, дебютым. Мадина оқыған актриса ғой. Ал мен оқыған жоқпын. Мойындау керек. Кейбір жерлерді үйреніп, кейбір жерлерді былай емес, былай деп бір-бірімізбен тәжірибе алмасудамыз.

-Ал осы фильмдегі сіздің гонорарыңыз қанша? Егер құпия болмаса

-Миллион ғой, миллион.

Түсірілім алаңынан Еламан Есентаевты да кездестірдік. Соңғы уақытта фильм түсіп те, түсіріп те жүрген актерға полиция қызметкерінің рөлі бұйырған.

Еламан Есентаев, актер:

- Участкелік полиция қызметкері. Ақкөңіл сондай. Жұмысын дұрыс істемейтін, өзінің жұмыстарын бітіріп жүретін персонаж.

- Осы фильмдегі гонорар қалай болып жатыр?

- Гонорар өте көп. Бір камри көлігі болатын еді деп қояйын.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Фильм түсірілімі 15 күнге жоспарланған. Көп комедияның арасынан даралана ала ма? Уақыт төреші.