«Пицца» тобы, Dose және Кенжебек Нұрдолдай! Алматыда «Пикник by Partners» өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Пикникте «Пицца» тобы, Dose және Кенжебек Нұрдолдай өнер көрсететін болады. Оупен эйрде жұлдызды элита да көңіл көтермек. Кімдер бар барып көрейік....

Zeе, блогер:

- Я уже вижу вокруг я смотрю некоторые прям старались я прям вижу. Прям все новенкие одели молодцы и вообще просто отдохнуть потому что холода впереди. Поэтому отдыхайте, кайфуте...

«Пикник by Partners» 2014 жылы бастау алған тұста, небәрі 300 адам жиналған еді.Бүгін, 20 мыңға жуық қонақ келеді. Музыка, дәмді ас, ойын-сауық – мұның бәрі табиғат аясында еркін демалуға мүмкіндік берді.

Zeе, блогер:

- Пикник это прям вот Алматинский вайб, тот самый.

Алматылық элита бас қосқан опун-эйрде жұлдызды қонақтар жетерлік. Өнер өкілдеріне арнайы vip зона, лаундж бар және демалатын жеке орын әзірленген. Сондықтан да медиа тұлғалар пикнике арнайы дайындалып келеді.

Aii officiiall, блогер:

- Бүгін енді бәрі пикникке дайындалып келеді, өзің қанша уақыт дайындалдың?

- Ұзақ уақыт. Қыздардың барлығы ұзақ уақыт дайындалады ғой.

Дәулет Абдулов, тиктокер, «Bip House» командасының мүшесі:

- Мен бір 20 минуттың ішінде. Мына кофтаны мен просто вешалкадан ала салдым, мынаны маған Мона 2 минутта істеп берді. Ақ футболкадан.

- Қолдан істеген ба?

- Қолдан істей салды иә, пах-пах-пах деді да сомен болды.

Zeе, блогер:

- У меня просто не плохих вещей в гардеробе.\күледі\ И мне как то старатся даже сильно не надо. Это так звучит но вот вот так вот да.

«Пикник by Partners»-тің концерттік бағдарламасын Кенжебек Нұрдолдай ашты.

Пикник жыл сайын ұйымдастырылса да, алғаш рет келген жұлдызды меймандар бар. Мәселен, Нагимуша Қазақстанға көшіп келгелі тусовкаларды жібермейтін болдым дейді. Еске салсақ, блогер күйеуімен бірнеше жыл Чехияда өмір сүрді.

Nagimuwa, блогер:

- Біз білеміз жақында ғана сіз күйеуіңізбен Қазақстанға түбегейлі көшіп келдіңіз иә ? Құтты болсын, біз қуаныштымыз.

Біз Чехияда 2 жыл болды тұрғанымызға, күйеуім сол жақта 11 жыл тұрды. Қазір біз көшіп келдік, маған жақсы. Мен өз үйіме оралдым, бірақ ол да Қазақстандікі, бірақ ол 11 жыл басқа салада жұмыс істеді, басқа

мемлекетте жұмыс істеді.

Нагимуша ғана емес, шетелдік блогерлер де Қазақстанға көшіп жатыр. Солардың бірі – Зи лақап атымен танымал креатор. 27 жастағы ғаламтор жұлдызы соңғы жарты жылдан бері Бішкектен Алматыға тұрақтаған.

Zeе, блогер:

- Алматы мен құшақ жая қарсы алды, менің кім екенімді, қайдан келгенімді барлығы білді, себебі менің Қазақстанда өз фан-базам бар.

- Алматыда шоу бизнес өкілдернің қайсымен жақын араласып кеттіңіз.

- Dequine, с Hiro, Say Mo и «Ирина Кайратовна».

- Ал кімнің фанатысыз?

- Ну Dequine. Но слушаю на повторе «Әперем ай» «Ninety One».

Дәулет Абдулов, тиктокер, «Bip House» командасының мүшесі:

- Шыны керек, «Bip House»-ты көрмегелі біраз уақыт болды қайда жүрсіңдер?

- Біз ба біз сол, сол жерде әлі жүрміз. Қазір үлкен проект дайындап жатырмыз. «JKS K-Pop Fest» көрген шығарсыз, Кореядан Кореядан үлкен-үлкен K-pop әртістерді шақырып жатырмыз. «BTS» ретінде, тек «BTS» емес, басқаларды «XEED», «BXB» деген топтарды.

- Қалған мүшелер қайда, неге бүгін жалғызсыз?

- Қалғандары Астанада, мені бір өзімді қалдырып кетті.

ТМД-ға танымал отандық поп-орындаушы Dose «Пикник by Partners»-тің арнайы шақыртылған әртісі. Еске салсақ, музыкант бүгінгі таңда Ресейде шығармашылығын шыңдап жүр.

Ержан Мухатаев, тележүргізуші, блогер:

- Әртіс болып жүрген кезде жалығып кететінмін осындай жерлерде, қазір сол әртістіктен тыс жүріп, достарымды алып келемін мұнда. Өте қызық, өте дәмді деп ше.

-Тамақтары?

-Бесплатно, тамақтары өте дәмді екен

-Жаңа айтып қалдың әртіс болғам кезде шаршайтынмын деп, қазір сол әртіс өміріңді сағынасың ба?

-Ммм, шын айтайын ба деп па. Қатты шаршадым деп айтпаймын, өнерге все ровно жақын жүрміз.

Ал кештің басты хедлайнері – «Пицца» тобы. Ресейлік поп-ұжым бір жылда осымен екінші мәрте Қазақстанға келіп концерт берді.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Бүгін нағыз Алматылықтардың вайбын көрдік. 8 сағатқа созылған «Пикник by Partners» шарасы әр келген жанның есінде ұзақ уақытқа сақталатыны анық.