Алматыға арнайы тұрақтаған Светлана Лободадан эксклюзив сұқбат!

Сообщить о проблеме с эфиром

Светлана Лободаның биыл елімізге алғаш рет келуі емес! Алматы, Астана, Семей қалаларында талай мәрте концерт берген ол, соңғы кездері қазақстандық тыңдарманға бауыр басып қалғанын жасырмайды.

Светлана Лобода, әнші:

- Қазақстандықтар ерекше ықыласты аудитория, қонақжай халық дер едім. Сондықтан бұл елден әрдайым керемет энергетика аламын. Қайта-қайта орала бергім келеді. Бір өкініштісі, сапарарым санаулы күндермен шетеледі. Елді аралауға мүмкіндік болмайды. Алатаудың бір шыңын бағындыру әзірге арман болып тұр.

Бұл жолы да әнші еліміздегі әр сәтін тығыз кестеге тізіп қойған. Мәселен, күні кеше Алматыда кішігірім жеке концертін өткізді. Әдеттегідей бұл жолы да тыңдарман қарасы мол.

 

Көптеген концерттер, тоқтаусыз түсірлімдер, мұның барлығы кез-келген әртісті қажытып жіберетіні рас. Осы орайда Светлана Лобода шығармашылығына шабытты, бойындағы күш-қуатты қайдан алатынын айта кетті.

Светлана Лобода, әнші:

- Маған балаларым күш береді. Әрдайым турдан кейін үйге келіп, перзенттеріме жетіп, қуат аламын.

Сондай-ақ, Светлана Лободаның сұлулығы талайды тамсандыратыны рас. Поп ханшайым оның да құпиясымен бөлісе кетті.

Светлана Лобода, әнші:

Ерекше бір құпиясы жоқ. Ұйқы, дұрыс тамақтану және күнделікті спорт. Кейде тіпті, жалқаулыққа жар беріп, жаттыққым келмейді. Сахнада белсенді болу үшін залға өзімді сүйреп барамын.

Ал Лободаның жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! Әнші жуырда көптің көңілінен шыққан «Made in U» жинағының ремейк нұсқасын ұсынбақ. Ең үздік 9 тректі топтастырған альбом қыркүйектің 22-сіне тыңдарманға тарту етіледі.

Светлана Лобода, әнші:

«Made in U» альбомы көптеген елдердің музыкалық чарттарында бірінші болды. Сондықтан, ондағы тректерді өңдеп, «Made in U. Mixes» атты жаңа жинақ ұсынуды жөн көрдік. Оны Украина, Еуропаның үздік мамандары әзірледі.