Назар Шарханның өзіне көңілі толмай жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

Біз бүгін Дәстен Шәкіров таспалаған «Жүгірмек» картинасының жабық көрсетіліміне келдік. Актерлық кастта – Нұрболат Абдуллин, Еркебұлан Тоқтар, Рүстем Жаныаман. Танымалдардың басын қосқан фильм не туралы? Дәл қазір бірге білетін боламыз.

«Жүгірмек»-тегі негізгі рөл - Нұрболат Абдуллин мен Дастан Қасымшалға бұйырған. Фильмде – екеуі арасынан қыл өтпес достар. Қандай қиын жағдайға тап болса да қапыда қалдырмайды. Айта кетейік, бұл – олардың толықметрдегі алғашқы басты рөлі .

Дастан Қасымшал, актер:

- Қайрат деген кейіпкер. Аңғал жігіт, жоғары қарай по карьерной лестнице көтерілгісі келеді, бірақ жолы болмай жүреді. Күндердің күнінде бастығы по карьерной лестнице көтерілесің дегенде бұның бүкіл историясы басталады ғой.

- Ал бұл образды сомдап шығу қиын болған жоқ па сізге?

- Түсірілім 10 күн болды. Ана тура қыздардыкы сияқты болды менде. Қыздар ана сіздер магазинде туфли киесіздер ғой, магазинде удобно сияқты боп көрінеді ғой. Тура сондай киім бойынша суретші маған туфлиді әкеліп бергенде өте удобный болған. Бірақ түсірілім кезінде қысты аяғымды. 10 күн бойы қиналдым, содан қатты қиналдым. Рөлден емес.

Бұл картинада Назар Шархан да төбе көрсеткен. Актердың серігі – әдеттегідей Рүстем Жаныаманов. Кәнігі баукеспе, әккі қылмыскерлер.

Назар Шархан, актер:

- Рүстем екеуміз партнер болған кезде бәрі жеңіл өтеді да импровизация анау-мынау. Сол үшін Дәстенге де досым, бауырым режиссер болған. Сондықтан Дәстенге толықтай сенім артып, қалай айтсам болады. Бір деммен қуалап жүріп ойнап тастадық.

Айта кетейік, Назар «Жүгірмектің» монтажын өзі жасаған.

Назар Шархан, актер:

- Енді әр кадрды өзім монтаж жасадым ғой. Әр кадрды жатқа білем. Әр кадрда өзінше бір месседж бар. Бәрі ұнайды. Енді ең басты идеология сол достың арасындағы байланыс қой.

- Осы жылы үлкен экрандардан, толықметрлерден сізді көп көріп жүрміз. Шаршап қалған жоқсыз ба?

Назар Шархан, актер:

-Енді көп деп айта алмаймын. Кейбір актерлар экраннан шықпайды ғой. Біздікі қарапайым эпизод, қосалқы рөл. Енді көңіл прям қанағаттанып жүрген жоқпын өзіме тиісті керекті рольдерге әлі жетпедім деп ойлаймын. Мүмкін даже кетіп те қалуым мүмкін актерлықтан.

-Неліктен?

- Сондай ойлар боп жүр. Білмеймін енді шығармашылық дағдарыс боп жүр.

Әшім Ахмет қасақана ұйымдастырылған қылмыстың кездейсоқ куәгері, бармен жігіт кейпінде.

Әшім Ахмет, актер:

- Бұл жерде енді «Жүгірмекте» сондай үлкен роль емес. Бірақ актерларда айтады ғой «Не бывает маленьких ролей» деп. Сол құсап кішігірім бір рөл ұсынды. Бұл жерде менің рөлім енді бардағы бармен. Бармендер қалай, бүкіл нәрсенің свидетелі ғой.

Қажет Смағұл, актер:

- Ал сізге актерлық ойын ұнады ма?

- Енді Нурбуллин ол профессионал. Әнді де, өзі жалпы оқыған, тоқыған жігіт қой. Бірақ Дастанның ойыны таңғалдырды мені. Шыны керек, мен кәдімгідей таңғалып, Дәстекеңнің мынандай шеберлі актер екенін бүгін 1-ші рет көріп, риза боп тұрмын. Жаңа қолын алып, ризашылығымды білдірдім.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Қазақстандық кинонарықта араға апта салынбай жатып, тағы бір премьера. «Жүгірмек» сол көп туындының арасынан оқ бойы озық шаба ала ма? Оны бокс офисі көрсетеді.