Бұл шедеврдің авторы – Қайрат Жұмағалиев. 94 жастағы анасына арнауы-тын. Ал, ақынның өмірден өткеніне биыл 10 жыл толды. Бүгінгі жас буын бұл әнді жазған тұлғаны тани ма?
Бақытжан Ақпаров, блогер:
-Ол білмеймін менің ойымша бір халық әні сияқты как будто, любой жерге барсаң айта береді. Сол себепті именно кімнің айтатынын білмейді екенмін.
Ақжол Пірімбетов, актер:
- Мен осы әннің авторын Нұрлан Өнербаев деп ойлаймын. Сенем сол деп.
Асқар Оразбаев, блогер:
- Жоқ, бұл әннің авторын білмеймін өкінішке орай. Но қазір айтсаңыз жаттап жүруге тырысам. Өйткені бұл легендарный ән ғой бұл. Ана туралы ән десе сразу осы ән елестейді ғой, бүкіл қазақ халқына деп ойлаймын.
Десе де бұл әннің авторын білетін өнер иелері де аз емес.
Yenlik, әнші:
- Менің ойымша, Қайрат ағаның әндері ол қазақ музыкасының алтын қазынасында, алтын сандығында қалды. Сондықтан енді ол әндерді тыңдаймыз. Ешқашан ұмытпаймыз. Ол біздің алтын қазынамыз музыканың. Және барынша ұрпақтан-ұрпаққа сол әндерді жалғастыруға тырысамыз.
C.C.Tay, әнші:
-Енді бұл Қайрат Жұмағалиев ағамыздың әнін мен кішкентай кезімде ата-аналарым дастархан басында айтқан сәттен бастап білемін. Жалпы өте жүрекке жақын ана жайлы алғаш білген әндерімнің бірі десем болады.
Анель Кенжебекова, блогер:
- Осы әнді тыңдаған кезде, естіген кезде өзім мурашки по коже болады ғой, сондай болады. Өйткені әр адамның өзінің ең жақын адамы, ол – ана. Әрине, бұл әнді біз ұмытпаймыз. Өйткені бүкіл қазақ біледі бұл әнді. Енді екінің бірі біледі деп ойлаймын.
Нью-скул арасынан «Анашым» әнін орындап, болашақта кавер ретінде ұсынуды ойлап жүргендер де табылды.
Hey Monro, әнші:
- Әжем де өмірден өтіп кеткен ол да естіп кетті бұл әнді. Анам да. Бұл әнді әрі қарай жаңғырта берсек керемет болар еді. Ұрпақтан-ұрпаққа айта берсе. Мен сенімдімін солай болатынына. Және де өзімнің үлесімді де қосқым келеді. Кавер ретінде айтып мүмкіндік болса егер, өзімнің стилімде айтамын деп ойлаймын.