Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Рамазан Амантай жақында ғана тырнақалды туындысының тұсаукесерін – БАӘ-де жасап келді. Дубайда премьера жасаған тұңғыш киногер. Ал біз бүгін фильмнің Алматыдағы жабық көрсетіліміндеміз.
Рамазан премьера күні қатты қобалжыды. Тіпті, әдетте сұқбаттарда тосылмайтын актер, тұсаукесерде сөзден сүріне берді.
– Бірінші тұсаукесеріңді Дубайда жасадың. Неге БАӘ?
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
– Себебі...Сосын берейінші досым...
- Тез-тез жазып тастайық та досым. Күтіп жүрсең, күтіп жүре бересің.
– Себебі қазақ киносының шекарасы кеңесін деп, бір жағынан жаңалық жасайық деп Араб Әмірліктерінде жасадық.
– Бұл фильмге 150 миллион теңге жұмсадың. Инкогнито спонсорың да бар. Жалпы арадағы келісімшарт қандай? Қанша уақытта қайтаруың керек?
Рамазан Амантай, актер, кинопродюсер:
– Осы фильмнің кассасынан қайтарып беруім керек.
- Тиынына дейін?
- Копейкасына дейін.
- Үстінен проценті бар шығар?
- Оны айта алмаймын... Бірақ өте мықты қолдау болды ол кісіден.
– Менің жанымда актер, енді кинопродюсер Рамазан Амантайдың келіншегі. Бірі білсе, бірі білмес. Гүлфару. Преьера құтты болсын! Көңіл күй қалай? Кішкентай қалай?
Гүлфару Төлен, Рамазанның келіншегі:
– Көңіл күй өте керемет. Қобалжу бар. Енді екеуіміз бір адам болғаннан кейін қобалжып тұрмыз.
Гүлфару да жарының толықметрінде төбе көрсетеді. Түсірілімге қатысуды Рамазан, не өзі қолқаламаған. Кастинг директорлардың ұсынысы болыпты.
– Фильмде сен де барсың. 15 секундтық эпизодың бар.
Гүлфару Төлен, Рамазанның келіншегі:
– Мен негізі Романың, Рамазанның анасының жас кезін ойнаймын. 15 секунд. Бір еске алатын жері бар.
Лентада басты рөлдердің бірін «Гена Букин» болып танылған – Виктор Логинов ойнайды. «Қазақстанға әр келген сайын жылы қарсы алады. Адамдары да сондай мейірімді»,-дейді Виктор.
– Қазақ фильмінде тұңғыш түсуіңіз ба? Жалпы Рамазанның фильмі ұнады ма?
Виктор Логинов, актер:
-Бұл қазақстандық кино ұжыммен тәжірибемдегі тұңғыш толықметр. Кәсібиліктеріне таңғалдым. Жұмыс істеу өте оңай болды. Режиссер Тимур Дулатовқа өте қатты риза болдым.
– Мен бұл сәтті өткізіп алғым келмейді. Бала арманымды орындағым келіп тұр.
Басты рөлдердің бірі – Дариға Бадықоваға бұйырған. Дариға ханым үшін аталмыш лента түсірілімі оңайға соқпаған.
– Постерда құмнан басыңыз шығып тұр. Бұл сахнаның бір бөлігі ма?
Дариға Бадықова, актриса:
– Ең қиын сахна осы болды. Құмға көмген. Ішіміздің бәрі құм болды. Осы бір бөлігі, осы сахнаның. Бірақ енді ең әдемі сахна кадрда әдемі көрінетін сахна. – Осы құмға көмгенде «Біссіміллі, біссіміллә» деп отырдым ішімнен.
- Бұл қай жердің?
- Осы өзіміздің жердің құмы.
Дариға Бадықоваға ғашық әрі Бадықованың жарын – Қылышбек Қасымбеков ойнайды. Қылышбектің бұл кейіпкері, басқалардан өзгерек.
– Сіздің образыңызға тоқталсақ. Кейіпкеріңіздің аты кім? Бұрынғы рөлдеріңізден бөлекшелік, өзгешелік бар ма?
Қылышбек Қасымбеков, актер:
– Бұрынғы рөлдерден өзгешелік бар. Кейіпкерімнің аты Жомарт. Әкесі мен шешесі еркелетіп өсірген сондай бір азамат болады. Сондықтан да өзі қыз мінезді. Шашы да ұзын болады.
– Біз дәл қазір «Әкеге апарар жол» картинасының жабық көрсетілімінен шықтық. Фильм ұнады ма деп сұрайын десем, ұнады деп айтасың. Несімен ұнады?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Өте керемет. Эмоцияға толып шықтым. Былай спойлер айтпай-ақ қояйын, адамдар өздері келіп көрсін. Өздеріне ұнайды деген ойдамын.
Бағжан Данай, «BayGUYS» актеры:
– Рамазан, Әлихан үшеуіміз бір жылдары...
- Әлихан ол «Әйгөйлектегі».
- «Әйгөйлектегі» Әлихан үшеуіміз бір жылдары, менде газель бар кезде оптовый арбуз алып, Талғарда сатқанбыз.
- Ол қай жылы?
- Карантиннің алдында, 2019 ғой деймін.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Біз дәл қазір Рамазан Амантайдың «Әкеге апарар жол» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Күрсініс, күлкі, көз жасы... Көрермен керегін алады деген сенімдеміз.