Таяуда ғана шаңырақ көтерген Akha мен Аишка неге ата-анасымен бірге тұрудан бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Akha, музыкант:

- Той әдемі өтті, бәріне ұнады. Екі отбасы бір-бірін құшақ жая қарсы алды. Бір-біріне деген мейірім пайда болды. Танысты ғой, бәрі жақсы өтті Аллаға шүкір.

Akha мен Аишканың үйлену тойына күллі Қазақстан куә болған еді. Бір емес үш бірдей дүбірлі мереке ұйымдастырған жас жұбайлар «жыл тойы» номинациясы болса, жеңіп алар едік дейді.

Akha, музыкант:

- Өмірім Аллаға шүкір жақсы. Білмеймін осы күйі бірге келе жатқан секілдіміз 3 жыл бойы. Қазір душевно тынышталды. Ана айтатын еді ғой, егерде екі адам үйленсе иманы бір болады деген секілді. Сол сияқты бір иман, бір күш пайда болды. Қазір өте үлкен жауапукершілік, кәдімгі мойнымда тағы бір адам бар.

Akha тойды өткізіп алып, бірден сүйіктісімен бал айына аттанды. Музыкант бүгінде Аишкамен бірге Италияның Рим қаласында жүр. Бір қызығы қос ғашық ата-анасымен бөлек тұрады. Бұл Ахметтің ұсынысы екен.

Akha, музыкант:

- Мен үйдің үлкені болғаннан кейін жасымда 30-ға келгеннен кейін мен жеке тұрамын. Менің өмірімде оған келіспейді де мысалыға. Мен гастроль, жұмыс, түнде келем. Оны отбасыма әкеліп жалғыз өзін тастап кете алмаймын. Сенем білем бірақ ол менің келіншегім, ол менімен тұрып бастап үйрену керек та бір отбасы болғаннан кейін. Сондықтан мен інім үйленген, ол отбасыммен анаммен бірге тұрады, мен әрдайым жәрдемдесемін бірақ мен келіншегіммен Аишамен жеке тұрамын.

Жеке өмірінен бөлек, Akha-ның шығармашылығында да жаңалықтар жетерлік. Поп-орындаушы алдағы уақытта өзінің соло концертін бермек.

Akha, музыкант:

- Сольный концерт Алматыда да болады бұйырса, Астанада да болады. Біз жылдың басында тур катать етіп келгеннен кейін, бұл жолы қатты напряжение бермейік дедік та. Қаз көреміз Алматыда жасаймыз деген ниетіміз бар негізі.