Ерболат Беделхан, әнші, продюсер:
-Орда мен Ортаның өте байланысы мол. Ордада айтып жүрген өлеңдерді қайтадан басқаша көзқараспен, халыққа сыйлау мәселесі бойынша шығарып жатырмыз.
«ОРТА» жобасы 2 орындаушыдан тұрады. Бірі – Ерболат Беделханның өзі болса, бірі – НТК телеарнасындағы «Қара бері» шоуында Атилла лақап атымен танылған Ғалымжан Сағатбек.
Атилла, «ОРТА» тобының мүшесі:
-Орта туралы ұсыныс алдыңғы жылы түскен. Жаңа жылдың алдында. Жақсы жаңалық болды мен үшін. Менің творчествома және өзімнің жолыма. Әрі қарай жаңа жобалар жасаймын деп жүргем. Орта маған дер уақытында кезі келді.
- Ал осы клиптен кейін көрермендер айтып жатыр «Кью-рок жанры пайда болды» деп. Бұған не дейсіз?
Ерболат Беделхан, әнші, продюсер:
- Дұрыс деймін. Иә, бұл жаңадан бір бастама. Бізде тек қана қазір заманауи эстрада 30 жыл бойы тұратын болса, эстрада деген ұғым өте қалып қойған ұғым. Егер байқасаңыз мен кью-попты Корея мәдениетінен жүйесін алған болсам. Енді жаңағы кью-рокты джэй-рок Жапония мәдениетінен жүйесін алып отырмын. Ырғағын, саунд деп айтады ғой, соны алып отырмын.
Ерболат Беделханның дайындаған тосынсыйы мұнымен тәмам емес. Тизерден белгісіз аруларды да байқап қалдық. Бұл гелз бэнд құрылады деген астарлы спойлер.