Садраддиннің Алматы аренадағы соло концерті қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Симфониялық оркестр, жанды дауыс, 12 мың жанкүйер және жұрт сүйсініп тыңдайтын Садраддиннің тректері. Бүгін Алматы аренада Садрдың көптен күткен алғашқы соло концерті.

Садраддиннің концерті болады дегенді естігеннен, достары жұмылған жұдырықтай көмектесуге кіріскен. Мәселен, Дархан Жолшыбеков қайтарымсыз 70 миллион теңге тарту еткен. Блогер достары барынша ақпараттық қолдау көрсетті.

Дамир Бейсенбаев, блогер:

– Енді Садр енді экранда кішкене ерке ғой. Қазір көп сөйлемей қалды әртіс боп. Көп сөйлейді негізі. Әзілді жібереді ғой ол. Чимкентский ғой ол.

Бұл кеште Баха Пуперге сахнаға Садрмен бірге шығу мүмкіндігі болыпты. Бірақ Бақытжан бас тартқан. «Кәсібилердің шаруасына араласқым келмеді»,-дейді ол.

Baha Puper, блогер:

– Садрды мен примерно 8 жылдай танитын шығармын. Бұрыннан, екеуіміз фит жазғаннан бастап танимын. Біз балалармен как то танысып кеттік та. Садр ол кезде Шымкент жақта, ауылда жүрді. Сосын мен трек жазғым келді да, Садрға звондап қалаға кел, екеуіміз фит жазамыз деп оны қалаға алып келіп, студияға барып фит шығарғанбыз «Королева» деген.

  • Ты моя королева...
  • Бүгін айтады соны.

Асқар Оразбаев, блогер:

– Садраддинді өзім сүйіп тыңдаймын. Всегда машинада таңертеңнен кешке дейін Садраддиннің өлеңдері қосылып тұрады. Мынау менің папам, внимание жетпей жүр. Қазір папа... Садраддин өте қатты күшті әнші.

– Концерттің алдында қатты қобалжығаныңды, дайындалғаныңды білеміз. Концерттен кейін ол әсер басылды ма? Не сезініп тұрсың дәл қазір?

Садраддин Болат, әнші:

– Дәл қазір түсініксіз... Барлығы, сахнаға шықтым бір 15 минутта өтіп кеткен сияқты мен үшін. Бірақ қарап тұрсам 21 ән, 2 сағаттай өтіп кеткен. Бірақ мен сахнада, есімді білмеймін. Шығамын, на автомате уже айтып жатырмын.

– Бізге берген бір сұқбатыңда айтқан болатынсың: Ресейден, Қырғызстаннан әншілер келеді деп. Бірақ бүгін сахнада таза соло концерт болды.

Садраддин Болат, әнші:

– Біз ойлағанбыз жұлдызды қонақ ретінде, атын айтпай-ақ қояйын бірақ. Солай болып қалды енді. Оны біз тыңдармандарға сый ретінде, сыйлық ретінде осы концертке келгенде «Уау» деп күтпей қалу үшін жасағанбыз.

Садр үшін тыңдарман ТМД-ның түкпір түкпірінен келген.

Садраддин Болат, әнші:

– Бізде Қырғызстаннан келген қонақтар бар. Мен қарадым. Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан. Маған Турциядан келген адамдар жазды. Бағана сахнада айтамын деп ұмытып кетіппін. Түрікше маған жазады. Мен түсінбедім бірақ.

– Ана туралы айтқан кезде көзіңе жас алып қалдың.

– Өзімнің өмірім. Өзімнің көз алдымнан... Көз алдыма бір сәт келді. Себебі анамның біз үшін жасағаны... Жаңа мен сахнада да айттым. Қазір мамам жылап жатыр... Мен білдім ол жерде... Просто мамамның жылап жатқанын сезіп қойдым да ол жерде и жылағым келіп кетті.

Садраддиннің анасы – Айгүл Есқара да кеш бойы көзіне жас алғанын айтады. «Енді Қазақстан бойынша тур басталады. Ірі қалаларда қасында болуға тырысамын»,-дейді Айгүл ханым.

Айгүл Есқара, Садраддиннің анасы:

– Садрда... Дайындығы... Былайша айтқанда ұйқысыз қаншама түндер өтті. Өздеріңіз де куәсі болдыңыздар. Сахна мен студияның арасында жүгіріс. Аллаға шүкір, еңбек ақталды деп ойлаймын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– 12 мың адам, 2 аптада солд аут. Тіпті сатылымға қосымша билеттер қосылды. Осымен үш сағатқа созылған концерт тәмәм. Ал Садраддин Қазақстан бойынша турын бастайды.