Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- 12 қыркүйек – Қазақ киносының күні! Мерекеде киногерлер бас қосты. Ал, актерларды бір алаңға жинаған - Азамат Сатыбалды! Еске салсақ, таяуда ғана «Қазақфильм» киностудиясының президенті орынтағына жайғасқан Сатыбалды мырзаның бұл алғашқы жиыны.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Бүгінгі жиынның мақсаты – «Қазафильм»-нің бар екенін көрерменге көрсету.
Асан Мажит, актер:
- Киностудияға Азамат ағамыздың басшылыққа келіп жатқанының өзі үлкен өзгеріс әкеліп жатыр. Мысалы мынандай іс-шара киностудияда болмағалы қашан.
Санжар Мәди, актер:
- Орысша айтқанда: «Сейчас прям идет опять рассвет. Новый рассвет»
Киностудия президенті орынтағына жайғасқалы жасаған алғашқы бас қосуға Азамат Сатыбалды тыңғылықты даярланған. Қызыл кілем, аста-төк дастарханнан бөлек әр мейманды жеке күтіп алып, құрмет көрсетті. Кино төңірегінде келелі мәселе көтерілді.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Тұралап қалған «Қазақфильм»-нің бойына қан жүгірту оңай шаруа емес, нәтижесі қалай болып жатыр?
- Ең басты мәселе президент қолдап жатыр, оны өздеріңіз көрдіңіздер. Мен президенттің қабылдауында болдым көп мәселені анықтадық. Басты мәселе ол заң мәселесі ғой. Өйткені заң дұрысталмай қазір киносы алдыға баспайды. Сондықтан да заңды өзгерту керек, заңға біраз өзгерістер енгізу керек. Болашақта Құдай қаласа жылдың соңына дейін соның барлығын жасаймыз.
Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» басшылығына келгелі - 2 айға жуықтады. Ендігі мақсаты – киностудияға «ұлттық» статусын қайтару. Киноны қолдау қорынан ірге ажыратып, коммерциялық фильмдер таспалауды бастау.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Коммерциялық продакшндар «Қазақфильм» бізге ақша бөлсе, «Оскар» алатын кино түсіреміз деп айтып жатады, бұл жалпы мүмкін бе?
- Жоқ, біз өзіміз түсіреміз, келесі жылдан бастап коммерциялық бағытта жылына 10 кино түсіретін боламыз. Мемлекеттің қолдауынан бөлек.
Асан Мажит, актер:
- Қалай ойлайсыз қазіргі таңда қазақ киносы қандай деңгейде ?
- Өте жақсы деңгейде. Өсу бар оны мойындау керек.
- Жаңа серпіліс болып жатыр, Саны көптеу, сапасы аздау. Кейіннен өсетін шығар.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Құдай қаласа бұдан да жақсарады деген үміттеміз.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
- Қазір апта сайын кинолар шығып жатыр, апта сайын премьера бірақ олардың барлығын ауыз толтырып кино деп мен айта алмаймын.
Асан Мажит, актер:
-Жұмылу керек киногерлер, бір ауыздан егер сол жұмысқа кірісетін болса ол шешілмейтін нәрсе жоқ, шешіледі міндетті түрде.
Санжар Мәди, актер:
- «Қазақфильм»-де кемшілік көп деп жатасыздар, атап айта аласыз ба?
– Біріншіден, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Себебі, «Қазақфильм»-ге келетін шетелдіктер көп. Әуелі, әжетхананы ретке келтірсе дұрыс болар еді.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Қалай ойлайсыз коммерциялық продакшндар мен «Қазақфильм» біріксе нарықта бір boom бол ма еді ?
- Білмеймін неге жасап көрмеске. Boom болар мүмкін әбден мүмкін.
Асан Мажит, актер:
- Оны жасау керек. Азамат аға келді басшылыққа ол қай жерде жүрмесе де жастарды қолдаған кісі сондықтан да мен ойлаймын әлі қазақфильмде үлкен төңкерістер болады.
Ермек Тұрсынов, режиссер:
- Мен бұған қарсымын, бәрі ақшаға тіреліп тұр ғой, сендерге ақша керек па жоқ кино керек па? Сендерге ой керек па әлде пайда керек па? Осы жағынан ойлану керек.
«Қазақфильм» қайта жанданады. Бұған уәде беремін»,- деді Азамат Сатыбалды. Нәтижесіне уақыт төреші.