«Alpha» тобы жақында Қазақстанды аралап тур қоймақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Альфалық жігіттердің жанкүйерлерімен қарым-қатынастары ерекше. Сәйкесінше, тыңдарман тарапынан қолдау да бөлек.

«Аlpha» тобы:

– Жанкүйерлерімізді жәй ғана тыңдармандар ретінде қабылдамаймыз. Біз «Альфа» болып бір үлкен отбасы деп қабылдаймыз яғни біздің жанкүйерлеріміз олар да «Альфа». Біз бір отбасымыз. Сол үшін бізде коннект өте терең.

– Альфа тобы шоу жасаудан, жалпы биден, хореографиядан, образдан бір қадам алда келе жатқан топтардың бірі десек, артық айтқанымыз емес. Сол туралы?

«Аlpha» тобы:

–Бұл көріп жатқан заттарыңыздың бәрі жәй ғана басы яғни промо деп айтса болады. Ең қызықты сәттерді біздің «Альфа тур 2023-тен» көретін боласыздар.

Альфа тобы қазан айында Қазақстан бойынша турын бастамақ. 9 қаланы аралайды. Олар: Астана, Қарағанды, Семей, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және концерттерінің нүктесін соңғы болып Алматыда қояды.

«Аlpha» тобы:

– Қазанның 14-і күні басталады Астана қаласынан «Альфа тур 2023». Өте қызықты болайын деп тұр. Біз енді дайындықты бастап кеттік. Бастап кеткенімізге бір-екі аптадай болды. Жалпы бізде әндер басынан бастап дайындалуда. Ары қарай біз енді физический тұрғыда дайындалып жатырмыз. Биді, шоу қалай болады. Ол жағы идеальный болады деп айта аламын енді.