Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
– «Сендім өзіме, білім мен білекке, миым мен жүрекке», - дейді Аңсаған Садырхан! Автобусқа ақша таппай жүрген кездер ұмытылып, үлкен залдар жинайтын стендапер болуға болады! Бұл жол оңай емес, бірақ мүмкін! Мұны- Аңсаған дәлелдеді! Еңбекпен жоқшылықты жеңдім дейді! Self-Made Аңсаған деген осы бала!
Отандастарымыз арасында Нұрлан Сабуров стендапты күллі ТМД-ға танытса, Аңсаған Садырхан бұл жанрдың елімізде дамуына өз үлесін қосып жүр. Шығармашылық жолын КВН-нен бастаған 27 жастағы комик, қазақ стендапын алғашында YouTube платформасы арқылы көрерменге көрсеткен.
– Бір қызығы залда бір сексен, тоқсан пайызы қыздар сияқты. Қалай ойлайсың қыздар не үшін келеді?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Қыздар әзілге келу керек негізі. Білмеймін просто қыздар подругаларымен жүреді ғой. Бір қыз келмейді никогда, всегда үш төрт қыз болып келеді да, тырқ – тырқ күлуге. Ал жігіттер жалғыз өзі келуге ұялады да, қасына біреуді көндіруге вообще ұялады, сүйтіп в общем бармай-ақ қояйықшы, ютубтан көре салайын дейді.
Аңсағанның шығармашылық жолы оңай емес. Стендапер танылмай тұрып, қара жұмысшылықпен нәпақасын тапқан.
– Инстаграмда сенің қара жұмыстан бастап, осы күнге жеткен видеоларыңды көрдік. Сол жол қаншалықты қиын болды ?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Ондай қиын емес, қиын қиын дей берсең е бұл саған қиын емес. Міне қиын деп одан сайын береді екен ғой. Оңай болды, күшті болды. И қаз күштілерін береді деп ойлаймын, десең иә. Нет нормально ол любой адамда болады ғой сынақ деген. Бізде де болды, өтті кеттік.
– Сонда сенің мотивацияң не әлде кім?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Мотивациям мамам. Болды мама, мамаға арналады бар нарсе. *01:30 Каждый андай концерт бірдеңеден кейін уу деп жазады, голосовой жібереді болды. Уууу деп жібермесе значить сен дым істемей жүрсің деген сөз ғой.
– Ең алғашқы табысың есіңде ма ?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Ең алғашқы тапқаным ол үшінші сыныптан бастап, машина жуыып бастағам он бірінші сыныпқа дейін. Каждый жаз сайын машина жуатынбыз. Сосын он бірден кейін стройка.
– Ол кезде қанша теңге беретін еді ?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Машинаның сырты просто екі жүз елу теңге. Ал салонмен бірге бес жүз теңге. И каждый мен басқалардың балондарын жууып беретінмін. Төрт балонға елу теңге алатынмын. Сүйтіп мысалы үшін өзімнің очередьім келемін дегенше, төрт машианың балонын жусам екі жүз теңге аламын.
– Ал ең көп тапқан табысың?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Стэндапымнан алғам, бір бес жүз мыңдай.
– Соңғы кездері біз білеміз жүргізуші ретінде де танылып жүрсің. Қазақстан бойынша гастсрольдік сапарға барып келдің, Мираспен Тұрармен болсын. Қалай өтті ?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Күшті болды тур. Мираспен уже екінші турым, алдыңғы жылдан кейін. Биыл енді тоғыз қала, он концерт. Астанада екі сеанс болған. Күшті болды, күшті мен любой андай келіссөздерге ашықпын жүргізуші ретінде.
– Танымалдылығың артты ма сол жүргізушілігіңнің арқасында ?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Мирастың концертіне барғандардың бәрі мені танымайды ғой, екі мың адам болса, мың жарымы мені танымауы мүмкін. И сосын бүйтіп көреді да и мынау кім екен бұл дитта қарайды.
– Жүргізушілік бар, стэндап бар. Өзіңді тағы қай саладан байқар көргің келеді, мүмкін біз білмейтін қырларың бар шығар?
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Мен киім сатқым келеді, сатушы болғым келеді. Мен осындай өзіме осындай киімдер ұнайды и осындай киімдер сатқым келеді.
Аңсаған қазақ стендапына бүгінде жастардың сұранысы артқанын айтады. Комиктің айтуынша, қазақша контенттің сапасы да түзеліп келеді.
– Соңғы жылдары қазақша стэндаптың деңгейі өсіп жатыр.
Аңсаған Садырхан, стендапер:
– Өйткені қазақ аудитория қазақша көретін аудитория көбейіп жатыр. Сол үшін шығар сосын мынау адамдарға өзінің орысша стэндап басқа нарседен қарағанда, өзіңнің менталитетіңдегі нарсе жақын ғой и сол үшін келіп жүр деп ойлаймын адамдар.