Алаңда Қайрат пен Алатау футбол клубтары! Жұлдызды матч ақша табудың жаңа жолы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Бүгін мына алаңда кәсіби футболшылар мен әуесқой аяқдопшылардың тартысты ойыны болмақ. Дәлірек айтсақ, «Қайрат» пен «Алатау» командалары бүгін жеңіске таласпақ. Екі топтың да дайындығы жаман емес. Бүгінгі матчта кім есе жібереді, ал кім оза шабады? Оны ойын көрсетеді!

Спорт пен шоу-бизнес өкілдерін бір алаңда тоғыстырған матч «Қайрат» командасының бапкері Рикардо Каканың футболмен қоштасуына орай өткізіліп отыр. Сол себепті бұл ойынды достық кездесу деп атаған еді.

Біржан Оразов, «Қайрат» командасының ойыншысы

- Бүгінгі қарсыластарыңыз кәсіби футболшылар емес. Қалай ойлайсыз, бүгін олар қандай деңгейде ойын көрсетеді?

- Кәсіби футболшылар емес, бірақ әрине бұлар жұлдыздар арасындағы әлем чемпионы.

Дәурен Тұрсағұлов, футболшы, «Қайрат» командасының ойыншысы:

- Қарсыластар ма? Олармен бір ретте ойнағанбыз. Ол кезде теңбе-тең болды ғой деймін. Ұмытып қалдым. Қызықты болады деп ойлаймын. Шоу ғой қызықты болады деп ойлаймын.

- Қарсылас командаға 1-ден 10-ға дейін баға беріңізші

-Өздерінің деңгейінде 6 ғой.

Алайда өнер өкілдері аяқдопшылардың берген бұл бағасымен келіскісі келмейді. Мәселен, жартылай қорғаушы Тәуекел өзі бала бағам деп, жаттыға алмаса да, командасының жеңіске жететініне сенімді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Жігіттер жақсы дайындалды негізі. Қыс бойы залда ойнап, «Қайрат» футзалында ойнадық. Мен енді кішкене қолым бос болмағаннан кейін келе алмадым. Өйткені үйдегі бала-шаға бар, 2 баланы қарауы бар оның үстіне жұмыстарымыз бар.

Махамбет Мырза, актер:

-Бүгін қандай позицияда ойнайсың?

-Бүгін бірінші рет қақпашы болайын деп тұрмын мен.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Мен негізі шабуылшы немесе жартылай қорғаушы.

Азат Жұмаділ, актер:

- Жартылай қорғаушы.

Ғаділбек Жаңай, әнші:

- Мен өзі оң жақ үлкен ойында үлкен футболда оң жақ қорғаушымын. Осы жерде өз орнымда тұрмын негізі оң жақ қорғаушымын.

Дәулет Өзбеков, әнші, актер:

- Менің позициям өзі баяғыдан футболмен айналысып келе жатқаннан бері оң жақтағы қорғаушыда ойнаймын.

Әнуар Матжанов, режиссер:

- Мен бүгін қорғаушы позициясында ойнаймын.

Айтпақшы, алаңнан актер әрі блогер Sekavines- ты да байқап қалдық. Алайда, желі жұлдызының мүсініне қарап, спорт додасына жіті дайындалған деп айта алмаймыз.

Sekavines, блогер, актер

- Мен бар позицияда ойнаймын. Мен команданың еркесі болған соң бар позицияда ойнап жүре берем.

Соңғы кездері дәл осындай жұлдызды матчтар жиі өткізіліп жүргені белгілі. «Шоу-бизнес өкілдері спортшылардың жұмыссыз қалдырғысы келіп жүр ме?», - деген ойға келесің.

Sekavines, блогер, актер:

- Кейбіреулер ақша осы арқылы ақша тапқысы келеді. Кейбіреулерге атақ керек шығар, білмеймін.

-Ал бұл ойында сіздер гонорар аласыздар ма?

-Жоқ алмаймыз, "Алатау" мүлде алмайды. Мына жерде қанша жұлдыз жүр, әншілер болсын, ешкім алмайды. «Алатау» үшін ойнап, кішкене спортпен айналысуға келеді.

Ғаділбек Жанай, әнші:

- Жалпы өнер адамдары енді эмоцияны жақсы көреді ғой. Қай жерде эмоция, сол жерде өнер адамдары. Бір жағынан бұрында айтатын едік қазақтың басы тек тойда қосылады деп, қазір осы шоу матчтарда қосылатын болды.

Дәурен Тұрсағұлов, «Қайрат» командасының ойыншысы:

- Бүгін қанша гол салам деп ойлайсыз?

-Мен ба? Мен гол салам деп ойламаймын, мен пас берем деп ойлаймын. 1 пас.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Мен гол салам деп ойламаймын, 15 минут жүгірсем соның өзі маған жеткілікті.

Ғаділбек Жаңай, әнші:

- Қазір 1,2,3 деп өзінше боп санап жатсаң, білмеймін енді бұйырып жатса саламыз.

Алайда ең қызығы, дәл осы жеңіске себепкер болмаймын деген өнер өкілдері үздік ойын көрсетті. Бұл матчта Тәуекел Мүсілім, Ғаділбек Жаңай, Рикардо Кака, Дәурен Тұрсағұлов қарсылас қақпасына гол соқты. «ҚАЙРАТ» пен «АЛАТАУ» командаларының кезекті жолдастық кездесуі 7:7 тең есебімен аяқталды.