Дәурен Серғазин өзі жазған авторлық туындыларын әзірге театр сахнасында орындап жүр. Актер спектакльдерге арнап та ән жазамын дейді.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Ән айтамын деп жатырсыз, авторлық әндеріңізді, ал әнші болу жоспарда жоқ па ?
- Жоспарда бар.
- Сіздің вокалыңыз өте жоғары, жақсы деп жатады.
- Жоқ менің вокалым сондай сұмдық емес. Мен өзі көп ән шығарамын, композиторлық енді, композиторда емеспін, бірақ енді сол ермегім менің хоббиім. Бірақ осы бір осы өзімнің шығарған әндерімді жалпы халыққа ұсыну жоспарда осындай бір ойлар бар.
Еске салсақ, Дәурен Серғазин ғана емес бүгіне театр актерлары арасынан Қобыланды Болат, Әбілмансұр Серіков, Мейірғат Амангельдин, Ерден Жақсыбеков сынды өнерпаздар да өздерін әншілікті мансаптарын жандандырып жүр.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
-Егер сұраныс болса сахнаға шығасыз ба ?
-Әрине, әрине шығамын әрине өзім жалғыз шықпаймын, мен өзім жалғыз дауысым онша бір сұмдық емес. Қасыма көмекшілерді алып, жақсы дауыстарды алып, қасына гитара тартып отыруым мүмкін.
- Аспаптардың бәрінде ойнайсыз ғой ?
-Жоқ бәрінде емес, менікі гитара негізгі гитара, азмаз ойнайтыным бар, ал спектакль кезінде қалған тиіп қашып бір шұқылайтын инструменттерді шұқылап ойнайтынымыз бар енді, ролге байланысты, образға байланысты, бірақ тарта аламын деп айтатындай дәрежеде емеспін әрине.
Дәуреннің қырлары мұнымен толастар емес. Серғазин бүгінде киноиндустрияда сұраныстағы актерлардың бірі. Талай жыл өнерде жүрген әртіс алдағы уақытта режиссер ретінде өзінің фильмін таспалауға ниетті. Бірақ актердің бұл салаға қадам басуына кедергілер көп.
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
- Театрда режиссёрмын деп жатырсыз, ал кинода режиссёр болу ойда жоқ па ?
- Ойда бар, ниет бар, арман бар, бірақ оны уақыт көрсетеді.
- Мүмкін қаржы мәселесі, мүмкін сіздің ойыңыздағыдай көп мысалыға кедергілер болады ғой ?
-Басты кедергі адамның өзінде деп ойлаймын, өз кедергім өзімде, сол қорқыныш, жауапкершілік деген нәрсе адамға кедергі болады, ал істеймін деген адамға қазір мүмкіндіктер өте көп. Ақша болсын, қолдайтын адамдар болсын, түсетін, түсіретін, көмектесетін адамдар , қазір өте көп сондықтан ең үлкен кедергім менің өзім, өзім кедергі шығармын.
- Неге кедергі болып жүрсіз өзіңізге ?
- Білмеймін. Болмысым сондай, яғни.
- Уақыт керек па сізге ?
-Мүмкін уақыт керек, мүмкін құйрықтан тебетін біреу керек. Бұйырса,бұйырса болып жатар деп ойлаймын.
Дәуреннің режиссерлығымен таспаланған кинолентаны тамашалау уақыт еншісінде. Көрермендерге енді тек күту ғана қалды.