Қайрат Нұртастың сексуалды биі неге қызу талқыға түсті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

-Бүгін біз «На рахатеміз»! Көптен күткен «Рахат Fest» музыкалық фестивалі басталды. Ауқымды open air-де дәмді ас, әсерлі музыка және ТОП әртістер жанды дауыста өнер көрсетеді. Мәселен, Ресейден арнайы келген «Банд’Эрос», «Pizza» топтары, отандықтар арасынан The Limba, «Ninety One», Қайрат Нұртас, Aikyn және тағы басқа музыканттар.

ЗКТ: Оpen airді көпшілік сағынған! Бұл фоматтағы бас қосулар жоқтың қасы еді. Концерттің алғашқы күні – 10 мың жан жиналды. Ал, олардың көңіл-күйіне әсер еткен: The Limba, «101», «Бандэрос» пен Хиро!

HIRO, рэпер:

-Күні кеше ИК-мен жаңа альбомдарыңыз шықты, бүгін сахнада орындадың?

HIRO, рэпер:

-Тыңдармандар жаттап алған, тректерің бірден хит болады деп күтесіңдер ма?

- Қалай айтсам екен, Ирина Кайратовнамен «союз» деп айтайыншы, сол тыңдармандарға ұнайды. Дуэтімізді сағынғандары анық.

Ирина Кайратовна мен Хиро ғана трендте емес! Олд-скул 101 тобы да ескі хиттарымен алаңды шайқай алды!

«101» тобы:

- Біздің әндеріміз шынайы, тыңдарманның махаббат хикаясы туралы және сапалы болғандықтан 20 жылдан астам уақыт өтсе де әлі де актуалды.

Әсте қартаймайтын, бірнеше ұрпақтың кумирі – Айқын да ашық аспан астында атой салды!

Айқын Төлепберген, әнші:

-Жаңа сізді сахнада: Айқын краш,- деп айқайлап жатыр.

-Иә.

-Өзіңізді краш сезінесіз ба?

-Мамаларының краш болған шығар мүмкін. Ал, қазір енді жастардың крашы деген ұнайды. Себебі, жаңағы шығарылған әндерім жастарға да ұнайды деген сөз.

-Сахнада жаңа ғана жаңа әніңіздің тұсауын кестіңіз.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Ремикс па әлде кавер ма?

-Кавер ғой. Енді халықтың көңілінен шығып жатыр. Тойда да, сахнада да жақсы өтіп жатыр. Содан кейін, айттым, айтып тастадым.

- RaiM мен Артур қарсы болмады ма?

-Жоқ, болған жоқ. Хабарластым оларға, айттым осы әнді былай.. Олар бәрібір қазір айтып жүрген жоқ ол әнді. Олар бөлініп кеткен бәрібір.

Айжұлдыз Адайбекова, блогер:

-Айжұлдыз Адайбекова емес Julie, иә?

-Мен осыдан бірнеше жыл бұрын Германияда өмір сүрдім, оқыдым. Сол кезде бәрі «Julie, Julie», - деді и оған қосып олар сап деп сөйлесетта. «Sap Julie» боп кетті солай.

-Әншілікке қанша уақытыңды бөліп жатсың?

-Әншілікке 80% уақытымды десем болады. Себебі, кровь не вода. Қан ешқайда жібермейді бәрібір. Қанша дегенмен өзімді биікке көтере алатын, өзімді шабыттандыратын ол әрдайым әуен болған. Себебі, өзі музыкалық мектепті де оқыдым.

Кештің хедлайнері ретінде – Бандэрос шақырылған! Топтың райдері – сахнаға дейін көлікпен келу! Ән салып болған соң да ешкіммен сөйлеспей, қайта темір тұлпарға отырып кету болған. Қазақстандық жанкүйерлерден жүрексінді ме әлде жатсынды ма, беймәлім!

Есесіне, Пицца сахнаны сағынып қалған! Тыңдарманы да топты тағатсыздана тосқаны байқалады! Коннект – керемет болды!

Сергей Приказчиков, «Pizza» тобының вокалисі:

– Ресейдің талай қалаларында өнер көрсетіп жүрміз. Бірақ, дәл осындай ықылыспен қарсы алғандар жоқ. Таңқалып тұрмын. Қазақстанға келмелегі біраз болған соң шығар, сағынысып қалыппыз!

Хедлайнер деп Ресейліктерді әспеттегенімізбен, нағыз фуррорды Қайрат Нұртас жасады! Оның сахнаға шығуын асыға тосқан көрермен тым көп! Әр әнін қосыла шырқады! Дәл сол атмосфера Қайраттың өзін шабыттандырып жібергендей! Бәлкім, тик-ток трендінен үмітті болған да шығар!

Қайрат қыздырған аудиторияны Найнти уан шығып, одан әрі көтеріп тастады! Жаңбыр шелектеп құйып тұрса да, жұрт соңғы сәтке дейін тараған жоқ! 91-дің хиттарын бірге шырқады!