Луина әдеттегі дәстүрінен таймастан, туған күнін дүркірете тойлауда! Байқағанымыздай барлығы тотал бләк стилінде. Тек бұл жолы әнші меншікті мерекесін уақытынан ерте атап өтуді жөн көрген. Неліктен? Оны өзінен сұрап көрейік...
Луина, әнші:
– Луина туған күніңізбен! Биыл неліктен туған күніңізді ерте тойлап жатырсыз?
- Себебі күйеуім және достарыммен бірге Еуропаға саяхатқа атанбақпыз. 25-ші мамыр Парижде болсақ, 26-сы Бейонсенің концертіне барамыз. Алайда, туған күнімді тойлауды қатты жақсы көретіндіктен, ерте болса да атап өтуді жөн көрдім.
Көптен бері осы сынды патиде бас қоспаған әртістер бірін-бірі сағынып қалған! Жұлдыз біткен өзара қауышып мәз. Ас та төк дастархан, ағыл-тегіл аққайнар, тірі гүлдермен әсем безендіру. Ал қуаныш иесі Луина сөзсіз бұл күні басты назарда.
– Биыл енді тотал блэк стилінде пати. Неліктен?
- Шынымды айтсам ешкімді аса әурелегім келмеді. Былтыр мет гала стилінде туған күнімді жасаған болатынмын. Биыл қонақтарды дресс кодпен шаршатқым келмеді.
- Қонақтарға гүл сыйламауын өтінген екенсіз. Неліктен?
- Гүлді өте жақсы көрем. Алайда кейде тым көп гүл болып, құр қалып қалады. Оның үстіне Еуропаға кетіп бара жатырмын. Одан да сол ақшаны өз кәдесіне немесе менің каспиіме жіберсе болады.
– Барлығы естіді деп ойлаймын.
– Иә.
Алайда, патиде Луина гүлсіз қалмады. Кеш қонақтарының тартуы түгесімеді! Десе де, сыйлықтар арасындағы ең бағалысы – күйеуі Артем сатып әперген білезік болды дейді. Құны 4 миллион теңгеден асады.
Луина, әнші:
-Күйеуім мені Дубайда дүкенге қуып кіріп, таңда деді. Таңдай алмадым, себебі бәрі қымбат көрінді. Нәтижесінде осындай көп қызға арман болған Картьеның «Лав» сериясынан білезігін сыйға тартты. Әрбір аруға жұғысты болсын дегім келеді.
Кеште әдетте көзге көп көріне бермейтін әртістер де болды. Мәселен, Мақпал Исабекова жұрттан жасырған жұбайын ерте келсе, волейболшы Сәбина Кенталмен бір дастархан басында бас қосты. Айтпақшы, қонақтар арасында Балиден арнайы келген Әсел Сәдуақасова да бар!
Әсел Садвакасова, кинопродюсер, актриса:
-Аз уақытта дайындалып, кешке келдім. Үстімдегі образым, сөремде не бар соны киіп келдім деп аталады. Бірақ туфлиім жаңа, соны ұзақтан бері кигім келіп жүрген. Міне сәті туды!
Дильназ, әнші:
- Луинамен бұрыннан таныспыз, 10 жылдан астам уақыт доспыз. Меніңше достық үшін әжептеуір уақыт. Мені оның адалдығына тәнтімін.
- Ал бүгін сіз оған не сыйладыңыз?
- Сыйлық туралы айта алмаймын. Ол өте жеке, айтуға болмайтын сыйлық. Бірақ бізде бүгінгі кеш қонақтарына арналған тосын сыйлығымыз бар.
Ал әншінің тілге тиек еткен тосын сыйы – су жаңа трек! Дильназ, Рано және Луина трио болып сахнадан табылды.
Қысқасы патиге кеш қонақтары әндерін арқалап, киімдерін дайындап әбден әзірленіп келген. Десе де, олардың арасынан дресс-кодты бұзғандар да табылды.
Айқын, әнші:
– Айқын енді бүгін екеуіміз ғана дресс кодты бұзған сияқтымыз. Неге бұздыңыз?
- Мен дресс кодты оқымаппын шынымды айтсам. Бүгін үлкен концерт болды, фестиваль сол фестивальден келе жатырмын. Енді естіп жатырмын, черный. /су ішкен жерін ускорить/
- Жаңа байқап қалдым Луинаға ақшалай сыйлық беріп жатырсыз, құпия болмаса қанша?
- 60 мың теңге. Енді ол өзі жазған гүл бермеңдер деп. Подарок беретін болсаңдар лучше ақшалай беріңдер деп.
Жеңісхан Момышев, режиссер, әнші:
- Ал енді Луинаға қандай сыйлық әкелдіңіздер? Луинаға енді инстаграмда жазды мынандай, мынандай гүл әкелмеңдер деп.
Айтпақшы, бұл күні сондай-ақ Луинаның су жаңа бейнебаянының тұсауы кесілді. «Қарағым-ай» атты су жаңа туынды кеш қонақтарынан назарына ұсынылды. Қысқасы, Луина ұсынған кеш көпке дейін әртістердің есінде қалары анық.