Бағжан Бағжан болғалы желіде оған қыздардың қызығушылығы артқан. Бірақ виолончелисттің инстадағы мазмұнсыз махаббат стористарынан кейін, көп сылқымның салымы суға кетіп қалғандай. Көпшілік Октябрь-тегінің теңі бар деп ойлап жүргенге ұқсайды.
Бағжан Октябрь, музыкант:
- Бір сұрақ қойғым келіп тұр, сізді инстаграмда бақылаймын. Бір қыз туралы сторис саласыз, иә ол бекер айырылысып кеттік сағынып жүрмін деген сияқты. Ол қыз Қазақстанда емес пе ?
- Солай ғашық болғыңыз келеді ғой демек иә?
- Не знаю, просто я люблю драму.
- Драма queen?
- Иә драма queenмын мен, мен қатты драма queenмін.
Бүгінгі таңда Бағжан сұлулар көз тіккен сүрбойдақ. Және оның талабынан шыққысы, көзіне түскісі келетіндер көп.
Бағжан Октябрь, музыкант:
- Ал негізі өзіңіз ұнатқан, көңіл қойған қыз бар ма?
- Әзірге жоқ.
- Қандай талаптар қоясыз ?
- Нақты ешқандай талап жоқ, бастысы чтобы было комфортно бір - бірімізге.
Стористарында өткеннің елесін іздейтін Бағжанның іште бір бүккені бары анық. Кезінде көңіл қосқан ғашығы жайлы көсіліп айтқысы жоқ. Бірақ көздері сайрап тұрғанын біз байқадық.
- Сіз ғашық болып көрдіңіз ба ?
- Иә.
- Қанша жыл бұрын?
- Студенттік кезде.
- Студенттік кезде, ол шамамен бір төрт бес жыл бұрын. 04:01 А мен қазір ғашықпын десең, иә. Ана кімге ғашықпын, yali capkini - дағы, Сейран. Сол қызға ғашықпын.
Бағжанның шоу-бизнесте бағы ашылғалы, жолын торуылдайтындар жетерлік. Бірақ музыкант қалауындағы қызды әлі кезіктірмеген. «Бұйыртса, болашақ жарым үшін барымды, жанымды саламын. Ол ештеңеден мұқтаждық көрмейді», - дейді ол.
Бағжан Октябрь, музыкант:
- Қыздарға щедрый сыйлықтар жасайсыз ба ?
- Ну қызым болса, я бы сделал бы, но қазір әзірге қыз жоқ қой. Бұрында ақша жоқ еді, қыз бар. Қазір ақша бар қыз жоқ.