Макс Барских бұл күндері әлемдік әнсапары - Bestseller World Tour-ға кірісіп кеткен! Польшадан басталған концерттер Қазақстанда да жалғасын таппақ. Кеш барысында өнер иесінің хитке айналған ескі әндері мен украин және ағылшын тіліндегі жаңа тректері тыңдарманға ұсынылмақ.
Макс Барских, әнші:
-Көптен бері Қазақстанға ат ізін салмай кетіп едім. Сондықтан жақында өтетін 3 концерт өте маңызды. Дайындықты бастағанда 15 жыл әншілік мансапты бір треклисттке сыйдыру қаншалықты қиын екенін түсіндім.
Әуел баста Макс Барскихтың Қазақстандағы концерті сәуір айына жоспарланған болған. Алайда, кеш кейінге шегеріліп, көптің наразылығын тудырды. Бұл оқиғадан соң тыңдарман шараның неліктен өтпегенін түсіне алмай, түрліше топшылаған еді. Себебін, әншінің өзінен сұрап көрдік.
Макс Барских, әнші:
-Белгілі бір себептерге байланысты деп түсіндірді. Бірақ, өзімнің пайымдауымша Қазақстанда сайлау кезі болып жатты. Сол кезде бір апта тыныштық жарияланып, концертімізді кейінге шегеруге тура келді.
Макстың әлемдік турне аясындағы концерттері Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында өтпек. Өнер иесі Қазақстанмен ерекше байланысы бар екенін алға тартады. Тіпті, бір кездері Барских диджей Иманбекпен ортақ коллаб орнатпақ болған да екен.
Макс Барских, әнші:
-Біз тіпті бір кездері Иманбекпен келіссөз жүргізген едік. Ортақ трек ұсынайын дегенбіз. Тығыз кесте, уақыт айырмашылығы үшін оны жүзеге асыра алмай қалдық. Алайда кім білсін, болашақта жазып қалуымыз да мүмкін.
Еске салсақ, бүгінде Макс Барсих әлемге әйгілі Warner Music Poland лейблымен ортақ жұмысты бастап кеткен. Серіктестік аясында алғашқы ағылшын тіліндегі «5 Missing Calls» атты әнін ұсынған ад еді.
Макс Барских, әнші:
-Дәл қазіргі сәтте максималды түрде музыкамен эксперимент жасап жүрмін. Әртүрлі жандрағы әндерді жазыпжатырмыз. Польшалық лейблмен керемет серіктестік жасап, жемісті жұмыс істеп жатырмыз.
Олай болса, Макс Барскихты жаңа тректерімен Қазақстанда күтеміз!