Бүгінде Назиманы концерттер мен патилерден жиі көреміз. Алғашында әншіден сұқбат алу оңайға соқпайтын. Себебі, «Black Star» лейблының шартты мен талаптары бойынша өнерпазға қол жеткізу қиын еді.
NAZIMA, әнші:
Біз сізді білеміз, сіз Шымкенттікісіз. Бірақ көбінесе Алматыда көреміз. Осы жақта тұрақтадыңыз ба?
– Сіңілім, қызым үшеуміз тұрып жатырмыз. Мен екеуін Шымкенттен көшіріп алып келдім. Өзім де Алматыға тұрақтадым.
-Қызыңыз бен сіңілім қасымда деп жатырсыз. Өзіңіздің өнеріңіз бар, олардың мектебі бар, үлгеріп жатсыз ба?
-Қиын шынымды айтсам. Қызыма барынша уақыт бөлуге тырысып жүрмін. Демалыс күндерімді басыбайлы қызыма арнаймын. Негізі өнер адамында демалыс күндеріне сұраныс көп, бірақ мен қызымды таңдадым.
Назиманың бүгінде менеджері өзінің сіңілі. Оған қоса әншінің қызы да түсірілім алаңында да, кештерде де бір еліә жанынан ажырамайды.
NAZIMA, әнші:
-Амели сахнаның сыртында өсіп жатқан сияқты. Еш қарсылығы жоқ па?
– Өзіне қатты ұнайды, Амелиден әртістік қырларды байқап жүрмын. Сондықтан осындай ортаға алып келіп, барынша ашуға тырысамын. Егер менде 5 жасымнан сахна сыртында жүруге мүмкіндік болғанда қуанар едім.
-Көбінесе слух дейді, өнерпаздық дейді, ата-анадан дариды ғой. Ал қызыңызда ондай қасиеттер байқайсыз ба?
-Әншілік, би. Қылықтары негізі өте тәтті.
Соңғы бір жылда елге оралған Назима мен «Black Star» лейблы ат құйрығы үзіскен жоқ. Себебі, арадағы келісімшарт әлі өз күшінде.
NAZIMA, әнші:
- Қазіргі таңда «Black Star» әлі барсыз ғой иә?
-Иә, бармын
-Ол жақпен жұмыс онлайн жүре ме қалай болады?
- Менің командам сол жерде Мәскеуде, директорларым, менеджерларым, продюсерларым сол жақта. Олар бәрін қадағалайды, өлең қалай өтіп жатыр, не бәрін жібер дейді, концерттерді де көреді. Сосын бәрін онлайн жасаймыз. Мәскеуге Құдай қаласа июньде барайын деп жатырымын.
NAZIMA, әнші:
-Сіз қазақстандық әртістермен дуэт жазып жүрсіз, мәселен Мирас бар. «Black Star» келіскенде өзіңіз ұсынасыз ба мен осындай жасап жатырмын коллаб деп.
-Мен осылай коллаб жасайын деп жатырмын, осындай күшті артист, біз араласамыз. Олар маған толығымен сенеді. Мен ұсынамын, олар қабылдайды.
-Ал Назиманың жеке ән кешін қашан көретін боламыз?
-Әрине міндетті түрде концерт жоспарда. Қыркүйек айыннан бастап дайындық басталады. Келесі жылы дәл осы уақытта Қазақстан бойынша тур жасаймын