Тұрар Ыдырыс экс-продюсері Назира Әлмұхамбетовамен соңғы бірнеше ай бойы соттасып жатыр екен. Бірақ әнші бұл ақпаратты соңына дейін айтқысы келмеген. Оңалады, өзгереді, реттеледі деген сенім болған. Дегенмен де, Тұрардың бет-бейнесі, лақап аты тіпті әндері таласқа түскеннен кейін, ол да қорғана бастағанын айтады.
– Назира ханымнан қайтадан ресми хат келді. Осымен екінші рет. Тұрардан прордюсерінің келісімінсіз, яғни Назира ханымның рұқсатынсыз сұқбат алуға болмайды деген...?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Бүгін сот шешімі болды. Енді тыйым салып, өз тарапынан ештеңе айта алмайды. Мен мынандай нәрсені әлі ешқандай интервьюда айтқан жоқпын. Оны қатты былай көпшілікке айтқым да келмейді.
- Бірақ айтатын кез келген шығар?
- Барлығы аяғына дейін бітсін. Бірақ бүгін енді сот шешімі болды. Енді интервью берем ба, бір жерлерде өнер көрсетем ба оны өзім білемін. Бұл енді бірінші қадам. Енді Құдай қаласа, авторлық құқық жағынан түгел барлығын Құдай қаласа қорғап алайын. Содан кейін не болып жатқанын айтамын. Өйткені аяқтан шалу өте көп болып кетті.
Тұрар қазіргі таңда өзі шығарған авторлық әндерінен қол үзіп қалып отырғанын айтады. Дегенмен, тректерін қайтару үшін жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Тіпті мен осы жерде республика сарайында концерт жасадым. Бұл өлеңдердің бәрі менікі,-деп барлық жерге барып дәлелдеп жүрмін. Кішкене сол шаршатып жатыр. Концертімді ютубқа салсам, өшіріп тастай береді.
Сот процессі әлі толықтай аяқталмапты. Осы жұмыстардың кесірінен, шығармашылығында да тоқырау басталған. «Әндер жаза алмай жүрмін. Ойым басқа жақта. Бұйыртса бәрі реттелер»,-дейді өзі. «Реттелмесе, өнерді қоямын»,-деген батыл мәлімдеме де жасады.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Өкпелей бергім келмейді. Бірақ енді аяқтан шалу көп болып жатыр. Өте көп. Бір-екі қалада концерттеріме тыйым салып жатыр. Бұйыртса дұрысталады деген ойдамыз. Өзі аққа Құдай жақ дейді ғой. Егер де менікі дұрыс болса, менікі жақсы болып шығады. Егер дұрыс емес болса, өнерден кетеміз деген сияқты ғой.
– Қарап тұрмын, көзіңнің асты көгеріп, ұйқың қанбай жүрген сияқты?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Кішкене иә. Бастапқыда мен мән беріп жүрген жоқ-тұғым. Соңғы кезде сот ісі болған соң шаршап жүрмін.