Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
-Санжар Мәдидің Венециялық кинофестивальге жолын ашқан – «Горный лук» фильмінің жабық көрсетіліміндеміз! Фильм осы бәйгенің «Biennale Collage Cinema» гратын жеңіп алып, сол қаржыға таспаланған болатын. Бұған қоса «Red Sea» кинофестивалінде үздік атанды. Лос-Анджелесте де көрсетілді. Бүгін Алматылық көрермен назарында!
Туынды «feel good movie» жанрында. Арт-хаус драмада комедия элементтері де кездеседі. Идея жас режиссер - Елдар Шибановқа тиесілі.
Елдар Шибанов, режиссер:
-Елдар қайырлы кеш, премьерамен құттықтаймыз. Венециялық кинофестивальде гранд-приді жеңіп аламын деп ойладыңыз ба?
-Өзіміздің жобамызды әділ-қазыларға сата алдық. Алғашында мен түсірілімді ауқымды етіп жоспарлаған едім, бірақ бізге бөлінген ақшаны көріп, қиялымдағыдай жасай алмадым.
- Бюждетке тоқталсақ, қанша бөлінді?
-Бюджет 150 тыс евро
-Оның тең жартысы салыққа кетті, сонда фильм түсіруге жетті ма?
- Тең жартысы емес, аздаған пайызын салыққа бердік. Қаражаттың көп бөлігі көліктерге кетті, себебі түсірілім қаланың сыртанда болды.
Шетелдік киносыншылардың жақсы бағасын алған авторлық жобада Санжар Мәди эпатажды образда. Актер құлағына сырға тағып, көзін бояп, стилді киінеді. Ал оның түсірілім алаңындағы сахналастары «Артишок» театрының актерлары Қуантай Әбдімәди мен Лаура Тұрсынханова.
Лаура Тұрсынханова, актриса:
- Қуантайды кастингтен көріп таңқалдым, оған дейін театрда қатты араласпайтынбыз. Екеуміз фильмде ерлі-зайыптыларды сомдайтын болдық. Бір жағынан қуандым, себебі Қуантайдың кинода тәжірбиесі бар, ал мен үшін бұл алғашқы ауқымды жоба.
- Фильмнің көрермені кім сіздің ойыңызша?
- Менің ойымша көрермен отбасылы адамдар. Тіршіліктің тауқыметінен шаршаған жандар өздерін фильмнен көре алады.
Есіл Амантай, актер:
-Жаныңда Санжар Мади, Қуантай Әбдімәди сияқты талантты актерлар бар. Сол кісілермен бір сахнада ойнау қаншалықты қиын?
-Қиын... Ол кісілер көбінесе маған мотивация берді. Сен былай істей аласың, былай істеп көр, былай істесең жақсы болады деген сияқты. Өздерінің ақыл-кеңестерін айтып отырды.
Жабық көрсетілімде Санжар Мәдидің өзі бой көрсетпеді. Өзге түсірілімдерден қолы босамаған актер, өзінің орнына премьераға жарын жіберген. Сондай-ақ, қонақтар арасында Бауыржан Шүкенов, Әсел Сағатова бой көрсетті.
Әсел Сағатова, актриса:
- Маған қатты ұнады, ерекше фильм. Автордың керемет көзқарасы байқалады. Оған қоса, фильм барысындағы ашық-жарқын түстердегі образдар көңілімнен шықты.
-Өнердегі әріптесіңіз, досыңыз Санжар эпатажды образда, ұнады ма образы ?
-Тіпті арасында Санжар ойнап жатқанын ұмыт кеттім. Жанымда оның жұбайы отырды, содан сұрап қоям Санжардың өзі ғой иә деп, қалжыңдап.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
-Небәрі 13 күнде түсірілген фильм гендерлік теңдік тақырыбында! Авторлық кино ұзақ, түсініксіз, қызықсыз деген стереотиптерді бұзуды көздейді. Расында межеге дөп түсті ма? Сұрап көрейік!
Төлепберген Байсақалов, актер:
-Көрермен ретінде «Горный лук» фильмі көңіліңізден шықты ма?
- Иә, өте керемет, жақсы кино шықты.
-Авторлық жобаны қызықсыз, ұзақ әрі түсініксіз деп жатады, ал бұл фильм сол ойды бұзды ма қалай ойлайсыз?
-Жоқ ондай болған жоқ, легкая такая версия хорошая, доброжелательная картина.
Әсел Сағатова, актриса:
- Шынымен де бұл тек стереотип. Себебі біз туындыны көрмей жатып сырттай осылай болжай саламыз. Дегенмен фильм әртүрлі болды. Авторлық туындының айтар ойы бөлек, оны түсіне білу қажет.
Елдар Шибанов, режиссер:
-Фильм прокатта 1 ғана апта жүреді екен, сол уақытта қаржыны жинай аласыздар ма, кеткен шығынды?
- Еліміздің 3 қаласында көрсетіледі, Астана, Алматы, Шымкент. Басты мақсат – пайда табу емес, көрерменнің ықыласын алу.