Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Кавердің королі Mona Songs бүгін романтика мен лирикаға толы ән кешін өткізіп жатыр. Меладзенің «Салют, Вера» әнін жаңа нұсқада орындап, талантымен танылған әнші бүгінде хит әндердің авторы атанды. Олай болса, Монаның сезімге толы кешін бірге тамашалайық.
Mona Songz, әнші:
- Мона қайырлы кеш, сізді алғашқы жеке концертіңізбен құттықтаймыз..
- Рақмет үлкен.
- Қателеспесем, сахнада жүргеніңізге талай жыл болды, шыны керек, неге тек қазір жеке концерт жасауға шешім қабылдадыңыз?
- Солай болып қалды негізі, басында ол туралы ойламаппын.
- Сізге танымалдылық алып келген «Песни» жобасы деп ойлайсыз ба?
- Ең бірінші «Уақыт» әні, содан кейін «Песни» жобасы, содан кейін «Поцелованная солнце» әні, сосын «Салют Вера».
- Тағы да конкурстарға қатысу жоспарда жоқ па?
- Конкурсқа қатысу жоспарда жоқ әлі, ондай ой жоқ.
Монаның кешінде қонақтар арасында Назима да болды. Еске салсақ, музыкант Назимамен «Песни» жобасынан кейін коннект орнатқан. Дуэт жазуға Мононың өзі ұсыныс білдірген.
NAZIMA, әнші:
- Мона маған ұсыныс берген, хит жазайық деп, Мәскеуде кездестік, сол кештен біз араласамыз.
- Бүгінде тұрақты түрде Қазақстандасыз, белсенді түрде концерттерге қатысып жүрсіз, өзіңіздің талабыңыз бар ма әлде бәрін қолдау мақсатында келісе бересіз ба?
- Негізі достарым ғой, мен жақын достарымды әрдайым қолдаймын.
- Біз білеміз, Мона да сізде конкурстарға қатысқансыздар, сол конкурстар сіздерге не берді?
- Бұл – үлкен тәжірибе, екіншіден біздің танымалдылық берді.
Монаның ТМД-ға танылуына септігін тигізген «Песни» жобасында әнші Сэй Момен де танысқан. Алайда қос әншінің ортақ коллабы жоқ. Оған себеп, «бағытымыз екі түрлі», - дейді Сэй Мо.
SAY MO, рэпер:
- Монамен сол жобадан кейін араластыңыздар ма?
- Иә, сол жоба таныстық, ВК болатын ол кезде, сол кезде там бізде чат болатын, «food» деген,бүкіл кастингке келген, әртістермен, сол кезде танысқан болатынбыз.
- Монаны каваердің королі дейді келісесіз бе?
- Иә негізінде, каверді өзі астына қарай жасап, басқаша көрсетіп өз дауысымен, өзінің әні сияқты, өзінің әні сияқты адамдарға көрсету, оның да өзі негізі өнер. Өте қиын нәрсе негізі.
Mona Songz, әнші:
- Мона Сонгзты кавердің королі айтып жатады, келісесіз ба?
- Жоқ, келіспеймін. Бізде Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан нәрсе. Ол Америкада бұрыннан бар.
- Негізі екінің бірі кавер айта алады, бірақ оны хит ету, оны өз әніндей айту екінің бірінің қолынан келмейді, сізден қалай келіп жатыр қолыңыздан?
- Ең біріншіден, негізі сезіну керек, әнді тыңдап, ойлану керек, не туралы ол ән.
SAY MO, рэпер:
- Мысалыға Монаның істегені «Салют Вера», ол өзінің әні сияқты қабылдап қаласың, бұл негізі Мелазденің өлеңі екені, естен шығып кетеді.
Mona Songz, әнші:
- Бір қызығы бүгін сахнаға тіпті әкеңіз де шықты, қалай қабылдадыңыз?
- Мен білген жоқпын ән айтатынын...
- Сіздің әніңізді жатқа біледі екен?
- Иә біледі, тыңдайды ғой.
- Оған қоса жарыңыз да қазіргі таңда әнші, иә?
- Негізі ол бұрыннан әнші ғой, біз бірге оқығанбыз. Сахнаға шықпағалы бір 3-4 жыл болып қалған шығар.
Монаның жары бүгінде декреттік демалыста. Ал,музыканттың анасы кешке белгілі бір себептерге байланысты келе алмаған. Десе де, Манарбек анасына тікелей концерттен онлайн ән арнады.