Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:
-Бұл күндері елімізде бірінен соң бірі, сән апталықтары өтіп жатыр! Енді міне Виза Фэшн Уикке де кезек келді! «Жібек жолы» тақырыбын негізге алған шараның ұсынары не? Дизайнерлер қалай таңқалдырар екен? Көрейік.
Фэшн көрсетілімге келген қонақтардың стрит стайл түсірілімінен басталды. Бұл күні трендсеттер мен инфлюенсерлер барынша ерекшеленіп, көзге түсуге тырысқаны байқалады.
Ал сәнгерлер арасынан өзгешелене білген Роксана Әділбекова болды. Өрт, жалын, от! Дәл осы сөздермен шебердің топтамасын толықтай сипаттауға болатындай. Модельдер арасынан dudeontheguitar атымен таныс Нұрбекті де көзіміз шалса, топтама трегінің сүйемелдеуімен таныстырылды.
Мұндай жаңашылдық қырғызстандық фэшн блогер Зидің көңілінен шыққандай. Айтпақшы, желі жұлдызы жуырда ғана Қазақстанға көшіп келген болатын.
Zee, блогер:
- Келе сала Қазақстан мені жылы қарсы алып жатыр. Сондықтан өте қуаныштымын.
- Сізге кімнің көрсетілімі ұнады?
- Роксананың көрсетілімі. Әсіресе Нуриктің саханға шыққан сәті, әсерлі музыкасы ерекше атмосфера сыйлады.
Меруерт Төлегеннің де топтамасы көпке жаққан сияқты. Еске салсақ, дизайнер бүгінде Нью-Йоркта тұрады. Сондықтан сәнгер үлгілерін Алматыда өткен балалық шағына арнаған.
Меруерттің коллекциясын тамашаушылар арасынан Айнұр Тұрсыбекті байқап қалдық. Соңғы кездері сәнгерді фэшн апталықтарға қатысуды сиреткені рас.
Айнұр Тұрысбек, дизайнер:
- Мен алдыңғы жылы сән апталығына қатыстым, сондықтан биыл үзіліс алдым. Негізі, 2014 жылдан бері мона сән көрсетілімін өткіземін. Ал бүгін күллі дизайнерлерді, талантты жандарды қолдауға келдім.
Сән апталықтың хэдлайнері Сәкен Жақсыбаев болды. Шараның ұйымдастурышысы фэшн уиктің нүктесін қоюды өз мойнына алған. Әдетте ашық-жарқын түстерді сүйетін дизайнер, бұл жолы депрессивті реңктермен таңқалдырды.
Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:
- Жалтыр-жұлтыр мен жарқын реңктерді сүйтінім рас. Бірақ бұл жолы мені ескі голливуд, ақ-қара түстегі кино шабыттандырды. Жаңа үлгідегі классика ұсынғым келді, қара мен ақтың үйлесімін көрсеткім келді. Оның үтсіне бұл күнделікті өмірге арналған киімдер.
Еске салсақ, сән апталықтың биылғы тақырыбы – Жібек жолы. Fashion Week енді көрші ел - Өзбекстанда жалғасын таппақ.