Артур Давлетьяров, әнші:
- Үш жыл, Үш жыл болды ғой енді былай қарасаң өлең айтпағаныма. Бірақ жайлап жайлап, қайтадан өзіме келіп жатырмын. Творчество мен үшін енді андай кішкентай баладан конфетканы алып алған сияқты болды ғой. Мен сол бола алмай қалдым. Творчество қайттан келдім.
Дәл осылай деген Артур өнердегі достары мен қолдаушыларының басын қосып, «Трех очковый» трегіне mood video таспалауға кірісті. Енді ол жалғыз жүріп, ешкімнің көмегінсіз шығармашылығын шыңдамақ.
- Бәрі өзіміз жағынан қаржылай да, ешқандай спонсор да, спонсырсызда түсіріп жатырқ, бірақ қасымызға достарым атсалысып жатыр, түрлі - түрлі андай қиындықтар болады ғой енді сьемка барысында, бір жерінде көмек керек болған кезде достарым көмектеседі.
Артурды қолдап жүрген достары арасында «Меховая 8\1» тобының жігіттері де бар. Ал болашақта Давлетьяров Қабдол Тілековпен бірігіп бейнебаян ұсынбақ.
Ұзақ уақыт белсенді болмаса да Артур әлі де сұраныста екеніне сенімді. Мәселен, әнші таяуда ғана Ресейге барып, концерт беріп келген.
Артур Давлетьяров, әнші:
- Якутияда болдық, Россияда концертте и сол кезде кәдімгі біз екі мың жарымдай үш мыңдай адамдай жинадық қой. Сол үшін орысша өлеңдерді кейбір кезде жазамын, чтобы ертең қайтадан сол Ресейге барып, өзіміздің Қазақстанымыз, елімізді көрсететін, айтады ғой Казакстанские артисты сейчас русские чиптарты там.
Бүгінде музыканттың жеке әнші ретінде репертуары бірнеше жаңа композициямен толыққан. Артурдан Райммен бірге шырқаған хит тректері жайлы да сұрап көрдік.
Артур Давлетьяров, әнші:
- Өйткені біз оны Райм екеуміз жазғанбыз и полноценный права ода да менде де бар. Лейблда да права бар. Бірақ біздің енді продюсеріміз Данияр Ахметжанов ешқандай андай жаман ойда да, ешқандай андай жаман қарым - қатынаста болған жоқ. Әлі күнге дейін де жақсы араласамыз. Оған праваға да разрешение бәрі берілген.
Еске салсақ, Артурдың өнерден жырақтауына тағы бір басты себеп – жеке өмірі. Музыкант шаңырақ көтеріп, әке атанған болатын.
Артур Давлетьяров, әнші:
- Отбасылы өмір күшті ғой, әдемі. Енді былай айтқанда творчествоны тастағаннан кейін отбасымды таптым. Енді отбасыммен бірге сол қайтадан творчество жағына деммен келіп жатырмын, жақсы әдемі күшті.