Мадина Дәулетқызы, тілші:
- Джеки Чан, Орландо Блум, Анджелина Джоли... Енді олардың қатарына «Ninety one» тобы да қосылып отыр! Боизбэнд ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері етіп тағайындалды. Ұжымның ендігі жоспары қандай? Біліп көрейік.
Айтулы оқиғаға орай журналистердің қатысуымен арнайы пресс-конференция ұйымдастырылды. Кейіннен Ninety one мемберлеріне сертифакт табысталып, топ ресми түрде ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды.
91 өткен жылы ЮНИСЕФ пен TikTok-тың «Психикалық әл-ауқат бәрінен маңызды» атты бірлескен науқанын қолдаған болатын. Қос тараптың серіктестігі сол кезден басталған.
«Ninety onе» тобы:
- Біз өзіміз негізі эфирге шыққан болатынбыз психологпен және сол жастардың психикалық денсаулығы жайында талқылаған болатынбыз. Одан бөлек қазіргі іс-шараларда жұмыста ЮНИСЕФ-те өзінің онлайн психологтарымен сұхбаттасу немесе олардың консултациясын алу үшін үлкен сайт жасалынып жатыр. Ол биыл іске асып кету керек, біз ол іске де міндетті түрде, міндетті түрде кірісеміз бірге сол.
ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымының балаларға көмек көрсетуге жауапты қоры. Фонд әлемнің 190 елінде жұмыс істесе, Анджелина Джоли, Кэтти Перри, Орландо Блум сынды танымалдар ізгі ниет елшілері ретінде балалар игілігіне қызмет етіп келеді.
Еске салсақ, марқұм әнші, музыкант Батырхан Шүкенов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы алғашқы өкілі болған. Өнер иесі дәл осыдан 14 жыл бұрын, дәл осы залда ізгі ниет елшісі ретінде тағайындалған еді.
«Ninety onе» тобы:
- Шынына келетін болсақ біз аса қатты көп біле бермедік, бұл дүниенің қаншалықты ауқымды екенін, қаншалықты маңызды екенін, кейін зерттей келе өзіміз түсініп, шыныменде жауапкершілікті қатты сезіп бастадық. Одан бөлек біздің, бізден бұрын тек қана Батырхан Шукеновте осындай, осындай жаңағы лауызымға ие болды деп айтса болады. Бұл біз үшін кішігірім андай шок. Ізгі ниет елшілерінің негізгі мақсаты, яғни өзінің танымалдылығы арқылы мәселелерге, проблемаларға жұрттың назарын аударту.
- Сіздердің ойларыңызша Қазақстанда қандай проблемаларды басып айтар едіңіз?
- Бізде негізі жасөспірімдер арасында өз - өзіне қол жұмсау статистикасы өте қорқынышты. Біз осы нәрсеге назар аударту арқылы жастардың өзі біріншіден назар аудару керек, екіншіден әлеумет, үшіншіден үкімет. Сондықтан да егерде барлығы жүйелі түрде дұрыс жүріп кететін болса онда біз шынымен де бүкіл елге бір үлкен ауқымды көмек бере аламыз деген үміттеміз.
Сондай-ақ, ұжым кибербуллинг мәселесі туралы да айтып өтті. Топ: «Мұны өз басымыздан өткізгендіктен, қаншалықты маңызды екенін білеміз», - дейді. Қысқасы, болашақта Ninety one ЮНИСЕФ-пен бірлесе біраз шаруа атқармақ ниетте.
Ninety onе тобы:
- Ең алғашқы біздің компеинг ол юнисеф talks болады. Ол жерде жастар жастармен сөйлеседі және жастардың проблемасын барынша иә барынша оны қаттырақ естіртуге тырысамыз. Біз сол жерде боламыз және сол компеингді қолдаймыз.