Сабина Алтынбекованы Алматыдағы жұлдызды тусовкалардың бірінен таптық. Спортшы сылқымның жаңалықтарын сұрадық.
– Менің жанымда форбстағы ең бай спортшылардың тізімін бастап тұрған, үздік он бестікке кіретін – Сабина Алтынбекова. Он бірінші орында. Жалпы бұл жаңалықты қалай қабылдадың?
Сабина Алтынбекова, волейболшы:
-Бұл жаңалық маған өте қатты ұнады. Таңғалдырды. Айлығымды, табысымды санайтын деңгейге жеткеніме қуаныштымын. Шыны керек, рейтингтің он бірінші орынынан табыламын деп ойламадым. Бәріне рақмет!
– Қазіргі таңда декреттік демалыстасың. Қашан енді спортқа ораласың?
Сабина Алтынбекова, волейболшы:
-Мен ойнауды бастап кеттім ғой. Осы жақында ғана Дубайдағы жарыстан келдім. Енді 6 айдай еңбек демалысым бар. Сосын формаға келуді қайта қолға аламын. Күзге қарай қайта кетемін.
– Енді сен жарыста кезде кішкентайыңа кім қарап қалады?
Сабина Алтынбекова, волейболшы:
-Көмекшілерім бар. Анам бар. Сондықтан еш алаңдамаймын.
– Сағынбайсың ба?
– Әрине, сағынамын. Тіпті қазір ұлым туралы ойлап, алаңдап тұрмын.
Алтынбекова тұңғышы туралы сағаттап сөйлесе беретінін айтады. Келешекте спортшы болса ғой,-деген ойымен де бөлісті.
– Қылықтары шығып басталған шығар?
Сабина Алтынбекова, волейболшы:
– Иә, басталған. Ол 1 жас 7 ай. Бірақ өзінің мінезін арасында көрсетіп қоятыны бар.
Естеріңізге сала кетсек, Сабина 2020 жылы желтоқсанда Саят Салманұлы атты кәсіпкерге тұрмысқа шыққан еді. 2021 жылы ұлды болды. Бірақ бүгінде спортшы күйеуімен түскен бар фото видеоларын желіден өшіріп тастаған. Осыған байланысты ел оны: «Ажырасып кетті», – деп топшылады.
– Сұлу қыздың артынан қашанда әңгіме ерген. «Сабина Алтынбекова ажырасып кетіпті»,-деген әңгімелер өте көп тарады. Соған ресми түрде бір нүктесін қойсақ?
Сабина Алтынбекова, волейболшы:
- Истаграмда бұның бәрі өтірік екенін айтқан болатынмын. Аллаға шүкір бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта әдемі видеоларымызды салып бастаймын. Аз бірақ, саз суреттер де болады.
– Сурет, фото, видеоларды алып тастадың. «Көз тиеді» деген постты да көзім шалып қалды. Шынымен соған бір себеп болды ма көз тиетіндей?
– Иә, әрине болды. Көз тиеді деген рас. Сондықтан бізге кесірі, зияны тиіп кетпеуді ойлаймын. Алдын аламын.
Сабина БАӘ-дегі жарысына күз айларының бірінде аттанбақ. Әзірге отбасымен бірге Алматыда.