Димаш Құдайбергенді тамсандырған суретші кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Креатив – Ассольдің екінші аты! Ол – алаш көсемдерінің үш портретін бір мезгілде сала алады. Допты теуіп – Криштиану Рональдудың суретін жасай салады. Шавкат Рахмонов пен Елена Рыбакинаны бір мальбертке сыйдыра алады. Дәл қазір сондай картиналардың жасалу жолдарымен танысатын боламыз.

Әсел Сабыржанқызы 14 жыл ғұмырын сурет өнеріне сарп етті. Тіпті, күн мен түн шеберханасында жүріп, картина салуға дайын. 29 жастағы Әселдің танылып кетуіне – әлеуметтік желіде сапалы контент жасауы себеп!

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

  • Талантты суретшілер көп-ақ. Бірақ сіз сияқты контентті креативті, әдемі көрсететіндер аз. Әлеуметтік желі арқылы танылу бір миссия болды ма?
  • 2 жыл бұрын әлеуметтік желіні дамытуды қолға алдым. Ғаламтор танылуыма көмектесті. Мақсатым – өзімнің сурет салу әдісім арқылы жастарды шабыттандыру.
  • Сурет салу техникаңызға келіп тоқталсақ, сіз 3 алаш көсемін 1 мезгілде салдыңыз.
  • Мен көрген бірнеше шетелдік суретші бар. Бір мезгілде бірнеше суперқаһармандарды бейнелейді. Идеяны солардан алып, алаш көсемдерін салып көрдім. Себебі, мен үшін Қаһанрман сол жандар!

Ассольдің ерекше эксприменттерінің бірі – Наурыз мерекесімен құттықтау! Суретші ол үшін күрішті қолданған. Оны бірнеше сағат бойы әр түрлі түске бояп шыққан. Әсел дәл осы тәжірбиені НТК арнасына да көрсетті.

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

  • Инстаграмда контентіңізге қарасақ, түрлі техникамен салынған суреттер бар. Күрішті қолданып жатасыз, оның бәрі өте көп уақытты алады.
  • Блогымда көрсетіп жатқанның бәрі мен үшін үлкен тәжірбие. Мақсатым оқырмандарға ерекше контент сыйлау. Себебі, ТМД бойынша мен сияқты жасайтын суретші аз.

Әселдің ең ұзақ салған картинасы 2 апта! Ал, инстаграмдағы контент үшін суретші бір күнін арнайды. Мәселен, Шавкат Рахмонов пен Елена Рыбакинаны бір мальбертке сыйдыру үшін Ассоль 6 сағат бойы жұмыс істеген.

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

  • Байқап қарасам, бұл жерде отандық танымал жұлдыздардың фотопортреттері тұр. Сіз өзіңіз сол кісілерге сыйға тартқан кезіңіз болды ма?
  • Мен салған суреттерімді инстаграмға салған кезде, жұлдыздарды белгіледім. Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін көріп алғысын білдірді, Jah Khalib, Жанар Дуғалова байқап, рақмет айтқан кездер болды.

Әселдің бүгінге «Бояу Хаус» атты алаңы бар. Онда шәкірт тәрбиелейді. Ал, одан сабақ алу құны 390 мың теңгеден басталады.

Әсел Сабыржанқызы, суретші:

  • Сіздің ең қымбат картинаңыз қанша болды?
  • Ең қымбат картинамды мен 5 мың долларға саттым.

- Ал ең арзаны?

  • 2000-1000 теңге шығар, көбіне тегін салып берген кездер де болды.

Әселдің ерекше контенттін тұрақты бақылайтын 50 000 ғана фолловер бар. Бірақ, посттары рекке шыққан кезде қаралым 4-5 миллионға дейін жетеді. Сол алаңнан танылған соң, Мәскеудегі «Шоу талантов» конкурсына шақырту алған. Бірақ суретші әзірге жылдамдыққа жұмыс істеуге дайын емеспін деп отыр.