Алматыда «Queen Almaty» атты заманауи мейрамханалар кешені ашылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең бай спортшыларының ТОП-20-лығында 11-ші орынға жайғасқан Сабина, 2 жылға созылған декреттік демалысынан кейін жұлдызды тусовкаларда төбе көрсете бастаған. Көптен бері көзге көрінбей кеткен волейболшы Сабина Алтынбекованы «Queen Almaty» мейрамханалар кешенінің ашылу салтанатынан таптық.

 

Алматыда SUN GROUP халықаралық холдингінің «Queen Almaty» бірегей мейрамхана кешені ашылып, жарқын оқиға кең көлемде аталып өтті. Тусовкаға тек ТМД танымалдары жиналған. 800-ге тарта қонақ келген өте ауқымды кеш. Жобаның жетекшісі, танымал ресторатор – Александр Орлов: «Бұл кешенді ашуға 2 жылдай уақыт жұмсадық», - дейді.

 

Александр Орлов, «Queen Almaty» мейрамханалар кешенінің негізін қалаушы:

Дәл осы жерде қаладағы айтулы кештер мен керемет концерттердің ден бөлігі өтеді. Гимнасттардан құралған театралды-шоу бағдарламаларымыз да бар. Сонымен қатар ТМД-ға танымал әртістерді алдырып отыратын боламыз. Бұл – масштабы ауқымды жобаларымның бірі.

 

Қадірменді қонақтар арасында волейболшы Сабина Алтынбекова да болды. Жаңалықтары жетерлік. Дубайдағы жарыстан келген спортшы ару, қазіргі таңда еңбек демалысында. «Әзірге осындай кештердеміз»,-дейді.

 

Сабина Алтынбекова, волейболшы:

– Бізді осы «Queen Almaty» мейрамханасының ашылу салтанатына шақырды. Бәрі тамаша! Көптен бері бұндай жерлерге келмей кетіп едім. Бәрі ұнап жатыр. Атмосфера, интерьер, кухня. Тіпті шоу-бағдарламаның өзі асқан талғаммен жасалғаны байқалады.

 

Шақырылған қонақтар арасында блогерлер мен актер, актрисалар да жетерлік. Солардың бірі Аяжан СК. Жақында ғана Дубайда өткен сән аптасында өнер көрсетіп қайтқан сылқым: «Өз қалама келіп, жұмыстан, қарбаластан тек демалып жүрмін»,-дейді.

 

Аyazhansk, блогер:

– Менің ойымша бұл жерде әрбір контингентке арналған мейрамхана деп ойлаймын. Себебі бұл жерде кіреберістен өте жақсы музыка ойнап тұр.

 

Кеште қазақстандық селебретиден аяқ алып жүру мүмкін болмады. Солардың бірі Миссис UNIVERSE-2022 конкурсының қатысушысы, «The Golden Palm Awards» жеңімпазы – Әйгерім Үзембаева.

 

Әйгерім Үзембаева, тележүргізуші:

– Маған жалпы атмосферасы, декорация бәрі ұнайды. Қонақтарды көріп жатырмын көптен көрмеген достарым бар. Бәрімен қауышып, өте қуаныштымын.

 

«Queen Almaty» мейрамханалар кешенінде шетелдік әртістердің де кештері өтеді. Алла Пугачева, Валерий Меладзе, Семен Слепаков сынды жұлдыздар өз концерттерін жоспарлап қойған.