Актер Жандос Айбасов маньяк?! "Три" фильмінің тұсаукесері қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

-Дәл бүгін аса қауіпті қылмыскер жайлы сөз ететін боламыз! Себебі мен әдеттегідей комедияда емес, 80-90 жылдары халықтың үрейін туғызған каннибал Николай Жұмағалиевтің оқиғасына негізделген фильмнің жабық көрсетіліміндемін.

«Алматылық каннибал»! КСРО кезінде адам өлтіріп, қауіпті қылмыскер атанған Николай Жұмағалиевтың оқиғасын естімеген жан жоқ шығар. Атышулы адамжегіш 10 әйелді бауыздап өлтіріп, етін жеген. 69 жасар Николай бүгінде жындыханада қамауда отыр.

Николай Жұмағалиевтың хикаясы енді толықметрлі фильмнің сценарийіне негіз болды. Детективті триллерді Оңтүстік Корея мен Қазақстан киногерлері бірігіп таспалаған.

- Үрейлі лентаның басты кейіпкері – Асқар Ілиясов. Сұраныстағы жас актер триллерде детективті сомдайды. Қазір барып тергеушінің өзін тергеп көрейік.

Асқар Ілисяов, актер:

  • Асқар қандай тергеуші?
  • Тырысатын адам. Өзінің жұмысына, өзінің қойған мақсаттарын адал.
  • Өмірде маньяктарды кездестірген сәтің болды ма?
  • Иә.
  • Қайда, қашан?
  • Көптеген менің достарым маньяк.
  • Не себепті олай айттың?
  • Өйткені, музыка жасайтын адамдар, киноға түсетін адамдар, киноны түсіретін адамдар, мен де өзімді маньяк деп санаймын бір жағынан шынымды айтсам.
  • Фильмде сені қызықтырған нәрсе ол сценарий, әлде гонорар немесе актерлық құрам?
  • Біріншіден сценарийдің өзі, екіншіден команда, кореялық группа режиссер оператор.

-Туындының тағы бір жұлдызы - Самал Еслямова. Үлкен экрандардан жиі көріне бермейтін актриса, бүгін премьераға өзі келіпті. Самал туындыға қалай тап болды, барлығын өзінен біліп көрейік.

Самал Еслямова, актриса:

  • Соңғы кездері, үлкен экрандардан көріне бермейсіз, оған не себеп?
  • Мен өте сценарийге көп көңіл бөлемін.
  • Бүгінгі таңда кастингтерге барасыз ба? Әлде тек шақыртумен?
  • Әрине шақырып жатады, әдейі, кастинге бармаймын, бірақ шақырып жатқанда барып, пробаға барамын.

-Бір қызығы, фильмде басты кейіпкерді, яғни Николай Жұмағалиевтың образын сомдайтын актер жасырын. Тіпті, жоба авторлары оны трейлерде де құпия ұстап келеді. Ол кім және не себепті беймәлім? Барлығын анықтайтын уақыт келген сияқты.

Жандос Айбосов, актер:

  • Антогогисттің рөлін сомдау, қаншалықты қиынға соқты, дайындалдыңыз ба арнайы?
  • Жалпы проекттың өзін бір ай бұрын ұсынды, сосын бір рет сценарийді оқыдым, ары қаратай ұмытып ол сценарийді бір апта қалғанда тағы да бір ашып, сүйтіп дайындалғандым.
  • Актерлар әрбір кейіпкерді өздері сезеді дейді, сізде қандай әсер қалды бұл кейіпкерден кейін?
  • Ол өте ауыр әсер, негізі былайша айтқанда ол адамды қатты түсіне білмеймін.

Туындыны алғаш болып тамашалаған көрерменнің алған әсері ерекше. Жұлдыз қонақтар тіпті фильмнен кейін өз-өздеріне келе алмай қалғандарын мойындайды.

  • Кішкене шошып кеттік, потом потихоньку привыкли. кішкене мурашки болып кетті.
  • Өмірде маньяктарды кездестірген кезің болды ма, әлде оқиға естіген шынайы?
  • Аллаға шүкір жоқ.
  • Құдай сақтасын әрине, бірақ естуім бар, көп естігенмін, бұрыңғы кездерімізде, соның бірі жаңағы көз алдымнан былай өтіп шықты.
  • Меніңше біздің халыққа бұны көру өте қиын шығар, ауыр болар, біздің халық дайын емес шығар. Бірақ меніңше комедиядан кішкене ауысу керек сияқты.

Аталмыш лента, бұған дейін талай кинофестивальдарда жүлдеге ие болған. Мәселен, картина 2020 жылы Пусан халықаралық сайыста «Жаңа толқын» номинациясы бойынша басты марапатқа ие болды. Триллердің режиссеір әрі сценаристі Руслан Пак.

Руслан Пак, режиссер:

  • Сегодня самый волнительный день.
  • Өзініз оңтүстік Кореяда тұрасыз, не себепті Қазақстанмен туынды таспаладыңыз бұл кімнің идеясы?
  • Это была моя идея, почему потому я как то читал коментарий и писали, то что мы хотим видеть новый жанр.
  • Біз біле білсек, сіз «паразиты» фильмінің режиссері Пон Джун Хоның шәкіртісіз, ол кісіден үйренгеніңізді осы киноға салдыңыз ба?
  • В этом заслуға не только одного Пон Джун Хо, заслуга всех моих преподавателей.

Гүлдана Мұқан, тілші:

  • Оқиға көрерменді бірнеше сағатқа, мүлдем басқа әлемге апарғаны сөзсіз. Себебі, туындыда жантүршігерлік оқиғалар көп. Барлығын көріп өзіңіз бағасын беріңіз көрермен. «Три» фильмі 31-шы наурыздан бастап үлкен экранда жарық көреді.