Қазақстандық кинотеатрлар жабыла ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- 1-ші сәуірден бастап Қазақстандағы ірі кинотеатрлар желісі жұмысын тоқтатады деген ресми мәлімет тараған еді. Себебі, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливуд компаниялары өз фильмдерін бізге ұсынудан бас тартқан-ды. Сонымен, кинотеатрлар жабыла ма? Бірге анықтайық!

Кинотеатрлардың жабылуы туралы ақпарат көременді ғана емес, киногерлерді де алаңдатып қойғаны рас. Мұндай күтпеген жәйтті естіген актерлар қауымының алғашқы әсері қандай болды?

Қайрат Әділгерей, актер:

- Бір жағынан осы санкцияның кесірі деп айтпай-ақ қояйық, арқасы деп айтпай-ақ қояйық, енді біреуге қиын ғой. Бұл өзгеріс үлкен бір дүмпу алып келетін сияқты деп ойлаймын, қазақтың дамуына. Шетелдік голливудтық киноларды қазақша сөйлететін болсақ, ол біздің көптен бергі үлкен ұлы арманымыз болады деп ойлаймын.

Әшім Ахмет, актер:

- Өзімізде қазақша дубляждарды голливуд киноларын неге қазақша жасамасқа деп ойлаймын. Өйткені ол басында келген адамдар мүмкін үйренбеуі мүмкін, «ой, анау-мынау» деп бірақ уақыт өте келе көріп кетеді деп ойлаймын.

Дәурен Серғазин, кино және театр актері:

- Бізде жазатын, жоғары деңгейде, кинотеатрларға ұсынылатындай жазатын студиялар өте аз. Режиссерлар да бар, актерлер да жетерлік, тек студияларды көбейту керек, каналдардан бөлек.

Бұған дейін елімізде тек «Disney» және «Pixar» сынды атақты студияларының анимациялық туындылары ғана қазақ тілінде үлкен экрандарға ұсынылған-ды. Мәселен, «Болашақ қауымдастық қоры» осы уақытқа дейін 40-тан астам мульт туындыны аударды. Ал, кейіпкерлерді дыбыстау бұйырғандардың бірі - Дәурен Серғазин.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Өзіңіз дубляжбен айналысқаныңызға қанша уақыт болды?

Дәурен Серғазин, кино және театр актері:

- Мен екінші курс студент кезімнен бастам айналысамын, бір 20 жылдай болып қалды. Бүкіл каналдарда істедім. Әлі күнге дейін істеп келемін.

- «Марвелдың», Диснейдің кинофильмдерін аударған актерлар қазақша немесе орысшаға оларды дауыстарын кәдімгідей шетелде таңдайды екен. Сондай таңдаудан өткен кезіңіз болды ма?

- Джони Деппті аударған болатынмын, мына соңғы «Аладдин» шыққан кезде Уилл Смитті қазақшалаған болатынмын, оның бәрін Диснейге жібереді, Диснейдегілер өздері таңдайды. Бес алты кинода басты кейіпкерді сомдаған болатынмын.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дубляж жасау акутерлардың қолынан келе ма?

Әшім Ахмет, актер:

- Енді басында қиыншылықтар болуы мүмкін, анау киноның айтар мағынасын, сол тілді бізге аударудағы жаңағы сценарий бар ғой қайта жазылады ғой, басынан почти сол жақтан да кішкене қиыншылық болуы мүмкін. Бірақ сонымен ол тәжірбиемен келетін нәрсе. Бұйыртса, одан да өтерміз деп ойлаймын.

- Актрисасыз, дубляж актрисасы атануға қалай қарайсыз?

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

- Жоқ, мен дубляж, өзіміз кейде болып тұрады ғой енді, дауысым жазылмаған жерлерде дубляж жазу керек болып тұрады. Мен үшін ол ауыр болады деп ойлаймын, дубляж жасауға мен дайын емеспін.

Дәл осы кинотеатрлар мәселесі 1 ай бойы қызу талқыға түскен-ді. Енді міне күні кеше «KinoPark Multiplex Cinemas»-тың бас директоры Алмаз Малдыбаев кино орталықтардың жұмысын тоқтатпайтынын ресми мәлімдеді. «Мәдениет және Спорт Министрлігінің» қолдауымен шетелдік фильмдердің көрсетілімі тағы 2-3 айға созылған.

Алмаз Малдыбаев, «KinoPark Multiplex Cinemas» бас директоры:

- Кинотеатрлар алдағы 2-3 айлыққа фильмдермен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 1-ші сәуірден бастап кинотеатрлар жұмысын жалғастыратынын хабарлаймыз!

Тек уақытша шешімін тапқан мәселенің, болашақта қалай болары әлі белгісіз. Десе де, киногерлер голливуд фильмдерін екі тілде де елімізде аудару мүмкіндігі отандық актерлерге берілсе екен дейді.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қазақ кино нарығының ауқымды студия ашып аударма жасауға күші бар ма?

Қайрат Әділгерей, актер:

- Әрине бар, әрине бар жетеді және де оған потенциалымыз да бар. Актерлар да бар, тек соларға уақыт бөліп, бір уақыт бет бұру керек та. Біздің арнаға, бізге не керек, не жетіспейді, біз оларға айтсақ, олар толықтырса тұшымды дүние жасаймыз.

Дәурен Серғазин, кино және театр актері:

- Әрине, мүмкіндік бар. Біз енді осы «Aray media group» кинотеатраларға қазақша дубляж жасап ұсынып отырады. Біз барып кейде жазамыз, сол жерде де кастинг арқылы өтеміз. Бізде жағдайдың бәрі бар, бізде тек сол қаржыға келіп тіреледі.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

- 2-3 күн бұрын Алмас Сағынұлы, Аян Өтепберген «Бэтменді» мысал үшін қазір, қазақ тіліне аударып дубляж оны бәріміз көрдік, енді жақсы баға беруге де болады, жақсы баға беруге болады деп айта аламын да, сеніммен. Өйткені, керемет жасауға әбден мүмкіндігіміз бар.