НАУРЫЗ! ДЕМАЛЫС! ТЕАТР!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында мереке! 19-мен 29 наурыз аралығында оқушылар үшін әр түрлі қойылымдардың фестивалі өтеді.

Владимир Крылов, бас режиссер:

- Көктем мерекесіне байланысты біз балалар спектаклінің фестивальін ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгінгі күннен бастап наурыз айының соңына дейін қызықты қойылымдар болады. Біз ол үшін қоржынымыздағы ең күшті дүниелерді таңдадық.

Фестивальді «Красавица и чудовище» спекталі бастады. Шарль Перроның ертегісі арқау болған бүгінгі қойылымның бас кейіпкерлері Никита Коньшин мен Кристина Золоченская.

Кристина Золочевская, актриса:

- Сіздер білесіздер ме, біз үшін әрбір спектакль қымбат. Бәріне өте мұқият дайындаламыз. Біз үшін балалар фестивальін бірінші болып бастау үлкен жауапкершілік. Әсіресе, осы тарихи сахнамызда.

Фестиваль аясында «Приключение снежного барса», «Маугли», «Звездный мальчик» сынды спектакльдер наурыз айының соңына дейін «САЦ» театрында көрсетіледі.