Айдана Мәулен, журналист:
- Мен бүгін «Тыңшы» образындамын. Себебі біз «Супер агенты» фильмінің тұсаукесеріне келдік. Журналистер де агенттер сияқты. Өйткені біз тың ақпарат үшін барымызды саламыз. Сондықтан, бүгін сіздер үшін «Супер агенты» жайлы супер мәліметтермен бөлісемін.
«Супер агенты» - Беркут таспалаған үшінші фильм. Айбектің 2017 жылы «Логово», 2018-де «Загадай желание» туындылары жарық көрді. Бірақ, ол картиналардың кассалық табысы әншінің көңілінен шықпап еді. Ал, бүгін Беркут екі жыл бұрын түсірген «Супер агенты» үмітін ақтайтынына сенімді.
- Борат аға, ассалаумағалейкум!
Беркут, әнші, продюсер:
- Кетей! Эскобар десеңші, Эскобар!
- Тұсаукесермен құттықтаймын! Екі жыл күткен фильміңізді кинотеатрлардың тағдыры белгісіз боп тұрған қазіргі сәтте шығаруға қорықпайсыз ба?
- Біз 2 жыл карантиннен кейін ешнәрседен қорықпаймыз. Шаршадық қорқып. Сондықтан да тәуекел деп осы наурызда шығып жатырмыз. Халықтың көңілінен шығады деген үміттеміз. Өйткені, мына жерде көрдіңіздер ме Серғазы Тоқтарбек деген, Сека вайнер деген бірінші киносы. Зорға дегенде шақыртып алдым ғой киноға.
- Түсуге қалай келісім берді?
- Бұл жерде екі амалы бар.
- Қандай?
- Онымен тұру керек, жақсы көру керек оны немесе жақсылап тұрып төлеу керек.
- Сіз қайсысын таңдадыңыз?
- Айтпаймын.
Серғазы Тоқтарбек, вайнер, блогер:
- Қалай түскенімді өзім де түсінбей қалдым. Бірақ, Айбек ағамызды сыйлағаннан соң түсіп бердім. А так үлкен киноға түсу үшін көңілді сценарийге де бөлеміз, сценарий ұнаған жағдай да ғана түсеміз. Айбек ағамыз сценарийді ұнатып кетті. Сол үшін түстік.
- Сценарийді сіз жаздыңыз ба?
- Частично, иә.
- Қанша гонорар талап еттіңіз?
- Керемет, гонорар керемет болды, бірақ айта алмаймын қанша екенін. Бірақ өте керемет гонорар болды. Менің командама түгел жетті.
- Бір үйдің құны ма?
- Смотря қандай үй?( күледі)....
Айдана Мәулен, журналист:
Мендегі бар мәліметтерге сүйенсек, комедия - жасырын агент болуды армандайтын, лақап аты ерекше Матильда деген жігіт туралы. Матильданың рөлін Мейірхан Шерниязов сомдайды. Мейірхан қазір .... мына жақта жүр. Қазір барып кино туралы қызықты деректерді өзінен сұраймын..
- Мейірхан, қандай агент?
Мейірхан Шерниязов, актер:
- Мейірхан супер агент. Number one!
- Қалай таңдалдың? Кастинг болды ма?
- Кастинг болған жоқ қой. Бізде білесіз ғой, кастинг болмайды ғой. Бізде білесіз ғой, звандайды «че там, где там, дейміз де, все».
- Актер ретінде түсірілім кезінде саған не ұнады?
- Операторлардың жұмыс істегені, каскадерлармен жұмыс істегенім, былайша айтқанда «Стэтхем» болып кеттім ғой.
- Огоо... «Стэтхемның», қазақша «Стэтхемның» гонорары қанша болды?
- Өте көп болды.
- Дос, әріптес деп жеңілдік жасадың ба?
- Бір нәрсе айтайын, дос, әріптес деп әрине скидка жасайсың. Екіншіден оны баяғыда алып құртып бітіріп тастағам.
- Сека айтып еді, «маған бір үйдің ақшасын берді, гонорарым сонша болды» деді. Енді сіздікі де одан аз болмасы анық...
- Екі үйдің деп па....
Айдана Мәулен, журналист:
- Площадкадағы ең капризный актер/актриса кім?
Беркут, әнші, продюсер:
- Бізде бәрі ойдағыдай болды. Бәрі тегі қарапайым, мықты, өзімнен бастап.
- Айя Сәдуақас алғашқы киноңыз «Логованың» мүлдем ұнамағанын, түсірілім кезінде сізге бірнеше рет қарсы сөйлегендерін, скандал жасағандарын айтқан еді. «Супер агентыға» тағы да шақыруыңызға не себеп?
- Жо-жоқ. Өсе келе үйренеді ғой. Мысалға, эстрадаға келген кезде 2002 жылдары менде басқаша едім.
- Айяның айтқандары еркелік болып тұр ғой, сонда иә?
- Ерке қыз ғой енді, кішкентай болған соң ерке болады.
Айдана Мәулен, журналист:
- Беркуттің айтуы бойынша ерке қыз Айя осында жүр екен. Ендеше Айямен тілдесіп көрейік.
- Беркут сені не үшін тағы да өз киносына шақырды деп ойлайсың?
- Менің ойымша бірінші фильмде мен өз рөлімді жақсы алып шыққаным оған ұнаған сияқты. Сол үшін де шақырды.
- «Логово» мүлдем көңіліңнен шықпап еді. Бірден сұрап алайын, «Супер агенты» саған ұнады ма?
- Мен өзім бұл фильмді әлі көрмедім. Бәріміз алдымен көрейік. Маған және сіздерге де ұнайтын болар деп үміттенемін.
- Гонорар көңіліңнен шықты ма? Қанша төленді?
- Айбек, можно было и больше...
- Айя, сұхбатыңа рахмет. Ендеше, жүр фильмді кинотеатрдан бірге тамашалайық!
Айдана Мәулен, журналист:
- Қазір ғана кино аяқталды. Көрерменге фильм ұнады ма, жоқ па, өздерінен сұраймыз...
- Фильм ұнады ма?
- Иә, ұнады.
- Иә, өте керемет!
- Иә, маған да ұнады.
- Қанша деген баға бересіз? 0 ден 10 ға дейін?
- 10!
- 10, 11.
- Достарыңызға көруге ұсынасыз ба?
- Әрине.
- Иә!
- Сен ше? Қашпа, бері кел!
- Сіздер құрт жеп алған сияқтысыздар?
- Біз құрт жеп алғанбыз екеуміз.
- Иә, болды сау болыңыздар.
Айдана Мәулен, журналист:
- Менің тыңшылық қызметім осымен тәмам! Басты ақпараттармен бөлістім. Ааа, айтпақшы, маңыздысын айтуды ұмытыппын ғой! «Супер агенты» 17 наурыздан бастап барлық үлкен экрандарда көрсетіледі.