Гүлдана Мұқан, тілші:
- Күні кеше танымал шенеунік жемқорлықпен ұсталды! Бұл жаңалық шынайы өмірден емес, фильмнен алынған! Себебі, мен бүгін саяси комедия бағытында түсірілген «Хотя бы в кино» лентасының тұсаукесеріндемін!
Дәмді тағам, әсерлі музыка және бір-бірін сағынысып көріскен өнер өкілдері! «Хотя бы в кино» фильмінің жабық көрсетіліміне шоу-бизнестің жұлдыздары түгелдей шақырту алған.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Жаңа комедияның басты кейіпкері – Қайрат Әділгерей! Көріп тұрғандарыңыздай, Қайрат мырзаның көңіл-күйі көтеріңкі. Себебі, актер үшін бұл толықметрдегі алғашқы басты рөлі. Қайрат аға қазір бос емес сияқты, барып күте тұрайық.
- Үлкен кинодағы алғашқы толықметрдегі басты рөліңіз, құттықтаймыз. Бұрындары шақырту болмады ма?
Қайрат Әділгерей, актер:
- Мен өзім жалпы 2006-дан бастап киноға қадам басқан жылдарым, содан бері мен тек эпизодтарда ойнап, жәй-жәй өзіме тәжірбие жинап.
Қайрат Әділгерей туындыда жемқор әкімнің образын сомдайды. Себебі, лента саяси комедия жанрында. Ал, сюжет желісі дәл осы шенеунік, емхананың құрылысына жұмсалатын қаражатты, өзінің пайдасына жаратып, антикордың қолына ұсталады.
- Сізге арнайы сценарий жазылды ма әлде кастинг болды ма?
- Бұл жерде енді кастинг маған болған жоқ, маған өйткені айтты: «бірден сізді көріп тұрмыз, сіз кастингсіз басты рөлге ұсыныласыз» деп.
Гүлдана Мұқан, тілші:
Анау жақта «топовый» актер Дәурен Серғазиннің өзі тұр. Театр және кино жұлдызы, туындыда басты рөлдердің бірін сомдайды.
- Фильмде интерн-дәрігерді сомдайсыз. Образыңыз ұнады ма?
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
- Сценарий оқығанда ұнады.
- Сіз енді көптеген фильмге түсе бермейтін, сұраныстағы актердің бірісіз, бұл фильмнің ерекшелігі сізге ұнаған, мүмкін сценарий, мүмкін гонорар жағы жақсы болды ма?
- Ең бірінші маған сценарий ұнады. Одан кейін, кадрда болатын партнерлар таныс адамдарым, өте жақын профессионалдар. Біз енді қанағат шүкір дейтін адамбыз ғой. Сондықтан маған мұнда баға мәселесі сәл бірінші орында емес.
Фильмдегі тағы бір басты кейіпкер - Гүлнәз Жоланова. Актриса туындыда эпатажды образда. Ал, Гүлнәздің кейіпкері арам пиғылды хатшы қыз.
- Фильмде мүлдем өзгешесің. Әсіресе, имиджің, шашың қысқа, образды ұсынғанда бірден келістің бе?
Гүлнәз Жоланова, актриса:
- Осы проектке келгенде режиссер шашымды қиюды сұрады, бірақ та келесі проектке ұзын шаш керек болған соң, қия алған жоқпын. Дегенмен, парик сатып алдық.
- Біздің отандық кинода көбінесе актерлар бір амплуада қалып қояды, сен де солардың арасында бар сияқтысың, өзің қалай ойлайсың?
- Меніңше, бұл тек қана менде емес, көптеген біздің актерларда жалпы бар проблема. Дегенмен, мына кейіпкеріме бір үмітім бар.
- Осы уақытқа дейін ұсынылған образдар үшін, өзіңе ұнамағандар болды ма? Мүмкін бір режисерларға «отказ» берген шығарсың?
- Енді 1-2 сондай жеңіл жүрісті қыздардың рөлін сомдаған кезде келісе алмағанбыз.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- «Хотя бы в кино» фильмінде дебютант актер да бар. Мәселен, Қабдол Тілеков үшін бұл үлкен кинодағы алғашқы дебюты. Тіпті, «Меховая 8\1» тобының әншісі фильм үшін имиджін өзгертіп, шашына дреды жасаған.
- Дреды қайда?
Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
- Ол сол уақытта кеттті ғой сразу, кино біткеннен кейін. Олай жүре алмай, тойларда ыңғайсыздау болды.
- Режиссер шашыңды өріп, көк түске бояймыз, өреміз дегенде қалай әсер етті?
- Бұл мен шыны керек, өмірімдегі дебут дейді ғой, дебут, дебьют оған да тіліміз келмейді ұсыныс тастағаннан кейін бәріне келістім ғой.
Фильмде бой көрсеткен актерлық құрамнан шынайы өмірде жемқорлық мәселесіне қатысты көрқарастарын да біліп көрдік.
Гүлдана Мұқан, тілші:
Әкімді ойнайсыз, жемқор әкім, шынайы өмірде пара беріп, мәселеңізді шешкен кезіңіз болды ма? Мүмкін жол полициясына...
- Жол полициясына екінің бірі пара беріп шаруаны шештіріп кетеді ғой, мысалы мен өзім праваны сатып алған адаммын. Болды осымен-ақ білуге болады ғой. Біраз-біраз нәрсені параменен шештік.
- Фильм жемқорлық туралы. Шынайы өмірде пара беріп, мәселе шешкен кезіңіз болды ма?
- Өй, күніне он рет қой десең, иә! Жоқ, ондайға кішкене алшақтаумын.
- Шыны керек, өмірімде бір рет бір справканы істегенмін, ұйықтап қалып бір, студенттік кезімде.
- Иә, мойындаймын, өтірік айтпаймын, иә!
- Не істеп едің?
- Ұсталдым, секіріп кетейін бе, мына жерден?..
Алматы мен Ақтау қаласында таспаланған кинотуындының түсірілім командасы жастардан құралған. Тіпті, режиссер үшін де бұл фильм алғашқы тәжірбие.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Премьера құтты болсын!
Тимур Дулатов, режиссер:
- Рақмет!
- Өзің білесің, нарықта отандық фильмдер өте көп, бәсекелестіктен қорықпайсың ба?
- Жоқ, өйткені, біздің комедия менің ойымша, ерекше туынды, әр кино ерекше, бірақ өзім сенімдімін, өзімнің кинома.
- Фильм таспалау оңай емес, қанша қаражат кетті?
- Ол жағын шыны керек білмейді екем, ол жағына шыны керек қызықпаймын да. Кино деген өзі компромисс қой.
- Фильм енді жемқорлық туралы ғой, мүмкін актерлар режиссерға пара берген шығар, киноға ал деп?
- Жоқ, ондай болған жоқ. Неге? Себебі, алдын-ала, актерларды таңдағанда, сол актерлерге бола жаздық та рөлдерді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Қоғамдағы өзекті мәселелерді «Хотя бы в кинода» көрсеткісі келген командамен, «хотя бы» осылай таныстыңыздар. Фильмді 24-ші наурыздан бастап үлкен экрандарда жарық көреді, міндетті түрде тамашалып өз бағаларыңызды беріңіздер.