Жас музыканттар арасынан кім танымал?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Менің қатарластарым қазір кімді тыңдап жүр? Музыкадағы жаңа толқын жастары несімен ерекшеленеді? Артықшылығы неде? Бүгін сіздер үшін арнайы таныстырамын!

Еңлік қазақ музыкасына жаңа толқын алып келген жас музыкант. Осыдан бір жыл бұрын оның ең алғашқы «Bipl» әні жарыққа шықты. Одан кейін «Доп», «Кока» сынды тректері айтьюнс пен ютубта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

- Еңлік, сенің әндеріңнің ютубтағы қараламы 3 млн-нан асады, тыңдарман әндеріңді не үшін тыңдайды деп ойлайсың?

Yenlik, әнші:

- Бұл тікелей менің жетістігім деп санамаймын. Себебі, менің істеген ісім халыққа ұнады. Халық көп көріп тыңдады, содан кейін солай болды деп ойлаймын. Негізі басқа адамдар істеген істі мен де істедім.

- Сенің тыңдармандарың кімдер?

- Менің тыңдармандарым жасөспірім балалар, өзіммен жасты жастар және үлкен адамдар да тыңдайды деп ойлаймын, 1-2 әнімді. Бүкіл аудиторияны алатын болсақ сол жасөспірімдер мен жастар шығар. Негізі, кейбір әндерімді үлкен адамдар да тыңдайды.

- Мықты музыкант ретінде қатарластарыңнан кімді мойындайсың?

- Шиза шығар. Шиза, Ирина Кайратовна. Қазақстанға ғана емес, СНГ елдеріне де танымал, Райм.

- Еңліктің кумирі кім? Негізі кімдерді тыңдайсың?

- Негізі бала кезімнен батыс, шетелдегі әншілерді тыңдайтынмын. Ол Бейонсе. Негізі кішкентай кезімнен сол Бейонсті тыңдап өстім.

- Болашақта шетелде тұрып, жұмыс істеп көруің мүмкін бе?

- Иә, барғым келеді. Жұмыс істеп 1-2 жылға тұрғым келеді. Бірақ қайтып келемін.

- Стримингтік платформалардан пайда түсе ме?

- Иә, түседі. Негізі былай жүріп-тұруға жетеді.

Ray, әнші

- Қазақстан бойынша стримингтік платформалардан әлі пайда көрген жоқпын. Бірақ өзімнің бөлек каверлер бар деген сияқты. Ағылшынша жасап жатырмын деген сияқты.

Экс «Black dial», «DNA»-лік Ray, қазір соло әртіс. Ол трек жазудан бөлек, вокалдан сабақ беріп, ұстаздықпен айналысуда. Сондай-ақ, Ray кавер әндерді де орындайды. Мәселен, «Ресницы» туындысы ютубта жарты миллионнан астам қаралым жинаған.

Айдана Мәулен, журналист:

- Ray, сен өзіңді танымал музыкантпын деп санайсың ба?

Ray, әнші:

- Сұрақтарыңыз ауыр екен. Білмеймін, осыған дейін айтып көрген жоқпын, танымалмын, андаймын деп. Танитын адамдар таниды, танымайтындар танымайды.

- Рэй, сенің тыңдармандарыңның аудиториясы қанша жаста?

- Әр түрлі ғой, негізі 14-16 дан басталады. Нақты білмеймін.

- Қазақстанда жастарға танымал болу қаншалықты оңай?

- Көңілден шыға білу деп ойлаймын. Егер сенің жасаған дүниең қызық болса адамдарға тез қабылданса сол арқылы танымалдылығың артады деп ойлаймын.

- Тыңдарман сенен не талап етеді?

- Өзім сольно қазір қимылдап жүргеннен кейін сольно дүниелер күтеді. Әндер, клип.

Kyle Ruh, әнші:

Мен білмеймін енді, қатты халыққа қарап істемеймін, бірінші өзіме не ұнайды соны істеуге тырысамын.

Kyle Ruh-та әріптесі Рэй секілді, кезінде «Juniors», «Moonlight» сынды бойзбендтердің құрамында болған. Қазір соло өнер көрсетеді. Оның тректерінің стилі ерекше. Жас таланттармен жиі коллаб жасап тұрады. Зируза, Рэй, Назым Әбілдиналармен фиттары бар.

- Кайл, сенің тыңдармандарың кімдер? Неше жастағылар? Аудиторияң қандай?

Kyle Ruh, әнші:

- Дәл қазір нақты айта алмаймын. Басында 16-15 жастан, 20 жастан асатын. Қазір, үлкен адамдар да тыңдайтын сияқты.

- Стримингтік платформалардан пайда түсе ме Қазақстанда?

- Түседі, ондай қатты емес.

- Қатарластарыңыздан, жас музыканттардан ең танымал деп кімді айтатын едіңіз? Бәсекелес деп кімді санайсыз?

- Ойбай, бәсекелес пе? Қазақстанда ма? Жоқ қой ешкім, таппай жүрмін ғой. Жоқ, білмеймін, өнерлі балалар, қыздар өте көп қой бізде. Саусақ созсаң өнерлі адамға кеп тиеді.

- Бәсекелес деп емес, танымал адам деп кімді санайсыз?

- Жасөспірімдер арасынан мне кажется, Еңлік. Қазір енді пикка келе жатқан. Еңлік, Рэй, Мәди бар, Мен бар.

Айдана Мәулен, журналист:

Жас музыкант. Жаңа толқын. Бір дем! Бүгін осында жасының кішілігіне қарамай, өнерде жүрген таланттар жиналып, концерт берді. Біз олардан енді күшті-күшті жаңа әндер күтеміз.