Diva boni-дың туған күні қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Бүгін жұлдыздар жиналған жиындамын. Талай атақтының шашын сәндеп жүрген, белгілі хейрстилист, танымал режиссердің жары, көпбалалы ана – Дива Бонидың туған күні!

- Тусовка негізі 7-де басталуы керек еді. Уақытылы келген, пунктуальный қазақтардың бірі – Дидар Кәден. White party ғой, аппақ костюм қайда?

Дидар Кәден, әнші:

- Негізі келген ниет ақ қой. Пейіл - ақ. Ол костюмге байланысты деп өзім ойламадым. Ол біріншіден. Екіншіден, Бони өзі қолқа салды: «Бүгінгі кешті жүргізіп бересің бе?»,-деп. Сол үшін барлығы ақ болған кезде, арасынан көрініп жүрейін деп ерекше, костюм шалбармен келдім.

100-ге тарта танымалдың басын қосқан жиынға, мерекенің иесі – Diva Boni -дың өзі кешігіп келді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Боня сәлем! Туған күніңмен! Көңіл күйің қалай?

Diva Boni, hair stylist:

- Өте керемет көңіл-күй!

- Нешеге толып жатырсың деп сұрауға ұялып тұрмын...

- Көрініп тұр ма? 30-ға толып жатырмыз. Юбилей. Негізі күшті етіп бастап жатырмыз. Енді Алла бұйыртса керемет болатын шығар деп ойлаймын.

- Бүгін енді жұлдыз жауған күн. Ұстатпайтын әртістердің бәрі осында жүр. Бастарын қалай біріктірдің?

- Өйткені, бұл менің туған күнім ғой! Менің туған күнімді өткізіп алу, невозможно! Кому говорю, все должны прийти!

Белгілі режиссер, Боняның жары – Женісхан Момышев шараға қатты дайындалғанын айтады. «Тосынсый бұнымен бітпейді. Жағдай сәл тұрақталған соң, шетелге жолдама әперемін», - дейді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Сәлем Жеңісхан! Мереке құтты болсын! Көңіл күйің қалай?

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Көңіл-күйіміз тамаша! Бүгін жолдастарымыздың бәрін жинап, бас қосып, жақсы мероприятияны өткізейін деп жатырмыз. Бір-екі апта көлемінде дайындалдық. Басында сол Боняға white party жасайық дедік ақпен.

Шарада Қазақстанға танымал талай атақты төбе көрсетті. Солардың бірі – Айнұр Ілиясова.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Біздің қасымызда қашанда стильный болып жүретін, 3 баланың мамасы деп кім айтады. Ұзақ таңдадыңыз ба, white стилді?

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Бұрыннан келе жатқан, 7 жыл болды ғой деймін мына көйлекке. 6 жыл болды точно. Ойландым да, соны кидім.

- Дива Бонимен қай уақыттан бері, қанша уақыттан бері таныссыз? Қалай таныстыңыз?

- Өтірік айтпасам, бір 8 жылдай болып қалды ғой деймін. «Ду-думан» бағдарламасында танысқан болатынбыз. Ол кезде Боня маған күшті-күшті прическалар жасап, күшті-күшті образдар жасап, таңғалдырған публиканы.

Кешке келген қонақтардың көбі, сыйлықтарын конвертке түйіп әкелгендерін айтады. Солардың бірі, белгілі стилист – Ақбөпе Әбдірәш.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Бүгінгі кешке қандай сыйлықпен келдің?

Ақбөпе Әбдірәш, стилист:

-Ақша ғой.

- Жасыл ма?

- Жасыл.

- Қайдан таптың? Ешкім таппай жүр ғой оны.

- Жасыл бізде де бар ғой ақша. Екі мың теңге. Ойнап айтамын, нормально. Мен жалғыз емеспін ғой. Күйеуім бар.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Міне, жұлдыз тусовка дәл осылай көңілді өтеді. Ал біз түсірілімді аяқтап, туған күнді тойлатайық!