Тәуекел Мүслім рөлі үшін қандай жанкештілікке барды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекелді Баян Мақсатқызы бұл туындыда мүлдем басқа бейнеде көрсеткісі келген. Тіпті актердің бұл образы үшін продюсер аздап қалта жұқартқанын жасырмайды.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Тәуекел сән үйінің иесі кейіпінде. Бүкіл бұрыңғы образдарын қарап шығып, Тәуекелді өзгерту керек деп шештік. Себебі, ол барлық жерде бірдей. Ойлана келе, шашын өсіруді жөн көрдік. Қазір ол нағыз «шетел». Шаш өсіру арзан тұрмайды.

Ал, Тәуекелдің өзі қандай өзгеріс болса да, қуана клісетін көрінеді. Оның пікірінше, «актер кез келген образға дайын болу керек»

Тәуекел Мүслім, актер:

- Мен керісінше кез-келген иммиджды өзгерту керек болса, дайынмын. Арықта десе арықтаймын, тол десе толамын. Жаңағы шашыңды ал десе аламын, ондай қиыншылығы жоқ. Керісінше бұл мен үшін жаңа тәжірбие.

Еске салсақ, дәл осы картинада басты рөлді сомдаған Назерке Назарова «пышка» образына сай болу үшін 7 келіден аса салмақ қосып, күніне бірнеше рет фастфуд жеуге мәжбүр болған.

Данияр Алшынов та, образды алып шығу үшін түрлі жанкештілікке дайын. Мысалы актер Әділхан Ержановтың «Коллективный иммунитет» фильмі үшін тез арада арықтаса, көп ұзамай жаңа туынды үшін керісінше салмақ қосуына тура келген.

Данияр Алшынов, актер:

-Бұл жерде сен өзіңді басқа қырыңнан көрсете аласың. Мәселен, менің кейіпкерім қатыгез, ол аяушылықты білмейді. Бұл мен үшін жаңа дүние.

Ал Дариға Бадықова «бойыңда қабілетің болмаса, рөл үшін болмысыңмен алысудың керегі жоқ», - дейді. Актриса сондай-ақ, тек қана жағымды кейіпкерлерді сомдауға тырысатындарды қолдамайтын көрінеді.

Дариға Бадықова, актриса:

- Қыздар 90-60-90 болып қатырмайсыз ештеңені, ештеңе қатырмайсыз. Өзініңіздің құдай берген пошымыңызды пайдалана біліңіз. Маған осындай характерлер беріліп тұр ғой. Тракторшының махаббатына осы типаж арқылы шақырту алдым ғой.