Ерік Хамидуллаевтың жүрегін жаулаған ару, жас актриса Ақниет Беласар. Актер сүйгенін барынша ел көзінен жасырап келген еді. Алайда Ерік бірінші болып, жүрегінің бос еместігін жариялауды ұйғарған. Ең қызығы, жастарды бір-біріне ұқсатып жатқандар жетерлік. Тіпті фолловерлер: «Тезірек той болсын», - деп тілектерін жаудыруда.
Ал қызықты контент үшін біраздан бері Мәскеуде жүрген вайнер НН-Нұрдәулет көлікжайын тағы бір темір тұлпармен толықтырды. Бұл жайында желі жұлдызы инстаграм парақшасында оқырмандарымен қуана бөліскен болатын. Ауылдан шыққан қарапайым жігіт: «Армандар орындалатынына сену керек», - деген пікірде. Соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдері арасында да кеңінен сұранысқа ие болған Нұрдәулет ТМД елдері арасында да танымалдылығын арттыра түспек ниетте.
Жанель Мақажан да бала күнгі арманын орындауды қолға алған. Актриса жеке ательесін ашпақ. Бүгінде бикеш бұл жоспарына да кірісіп кеткен. 13 жасынан бері ине мен жіпті ермек еткен Жанель 2021 жылдың көктемінде өз коллекциясын ұсынбақ. Еске салсақ, актриса осыған дейін өзінің қолынан шыққан туындыларын өнердегі құрбыларына тарту еткен болатын.