Жахан Отарғалиев отау құрған соң, алғаш рет сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Стамбул бізді қосты! Шетелде жүрек табыстырған қос ғашық бүгінде заңды түрде бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Жахан Отарғалиев: «Карантин кезі өміріме өзгеріс алып келген кезең болды», - деп отыр.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Бірінші жаңалығым елдің бәрі карантинде үйде жатқан кезде мен стройкада үй салып бастадым. Ешқандай той жоқ не жоқ, қаражатсыз үй салдым, Аллаға шүкір ол үйімды бітіп қалды. Одан кейін жаңалық бірден «Бизнес по-казахски Түркияда» фильмінің кастингі. Одан кейінгі жаңалық енді Аллаға шүкір отбасын құрдым.

Күні кеше некелерін қиып, үйінен ұзатылған Балжанның бұл қуанышына күллі халық күә болған еді. Инстаграмда 1,5 млн оқырманы бар Жахан осының арқасында ауқымды аудитория жинап, желіде статистика жағынан рекорд орнатқанын айтады.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- 140 млн просмотр общий. Бізде ондай Қазақстанда болған ба сұрастырып көрдім, 70 млн болған екен ең потологы. Сол себептен ары қарай контент жасағым келеді. Білмеймін әлі ойластыру үстіндемін. Жақсы қылып подача бергім келеді. Жас отбасы біреулерге үлгі болатындай.

Осылайша Жахан болашақта Балжанмен бірге түрлі видеолар таспалап, қызықты контент ұсынбақ ниетте. Ал үйлену тойына келер болса, актердың қуанышқа қатысты жауабы мынау:

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Мен негізі осы күніге дейін той жасағым келген жоқ. Оның себебі бар, себебін танитын адамдар болса түсінетін шығары. Бірақ мен кейін ақылдаса келе неге мен жасамаймын, не үшін мен жасамаймын, не үшін мен әке шешемді қуантып жатырмын, неге осындай үлкен той жасамасқа.

Алайда Жахан мен Балжанның үйлену тойы тек карантин аяқталғаннан кейін аталып өтпек. Актер жарын қуанту үшін барын салып, салтанатты шараны дүбірле ұйымдастырмақ.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Елдің алдында жүрмін, халық көрсін, ел көрсін, ол асып-тасығандықта емес. Бәріміз де қарапайым, жас отбасымыз енді құрылып жатқан. Үйіміз әлі біткен жоқ, кухня жоқ бізде түсінесіз бе, кухня жоқ. Мысалы, сондай жерге келді сол себептен мен андай қылып маған сыйлап сүйтіп жатқан кезде маған қолдау көрсетіп жатқан кезде мен неге оны бір тойын жасап, бәріміз бірге қуанбасқа.