Дрейк хош иісті шамдар өндіріп шығармақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дрейк ұсынған шамдар жаңа жылдан кейін сатылымға шықпақ. Рэпер бұл жоспары туралы, биыл маусым айында айтқан болатын. «Шам жанғанда артисттың яғни: мускус, кашемир мен амбраның хош иісі аңқиды», - дейді өндірушілер. Тауардың бағасы 48 бен 80 доллардың арасы.

Анджелина Джоли біраздан бері жұрт көзіне түсуден қалған еді. Бірақ актриса күні кеше Лос-Анджелестегі дүкендердің бірінде, сауда жасап жүрген жерінен папарацци объективіне ілігіп қалған. Сатып алған заттарына қарап, Энджидың келе жатқан Рождествоға дайындықты бастап кеткенін байқауға болады. Қала берді, желі қолданушылардың назары, Джоли ұстаған құны 4 000 доллар тұратын бренд сөмкесіне ауды.

Ким Кардашьян күйзелісте жүр ме? Бұндай шешімге сәнбикенің жанкүйерлері келген. Себебі жұлдыз соңғы кезде киім кию стилі мен шаш үлгісін жиі өзгертіп жүр. Кардашьян әулетінің тұңғышы бұған дейін тұрақтылықты жаны сүйетінін әр сұқбатында жиі айтып жүретін. Фотомодель соңғы рет Нью-Йоркта папарацци көзіне түскен. Фанаттар оның бұл образын аса жақтырмағандарын жарыса жазуда.