Дильназ Ахмадиеваны ессіз фанатының қай қылығы қорқытты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде ессіз фанаттың ерсі қылығынан төбе шашы тік тұрған Дильназ Ахмадиева бұл күндері басынан өткен оқиғаны күліп еске алады. Алайда дәл сол сәтте әншінің біраз уайымға салынғаны анық. Өйткені белгісіз жігіт журналисттерге хабарласып, Ахмадиеваның қайда екенін айтпаса, «көп қабатты үйден секіремін», - деп қорқытқан.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Хабарласып, мені тауып бермесе көпқабатты үйден секіретінін айтып қорқытқан. «Дильназ қайда жүр, қалы қалай, оған не болды айтып беріңдер», - деп журналисттерді сұрақтың астына алған екен.

Белгісіз жанкүйердің бұл қылығына әншінің Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударуы себеп болса керек. Сүйікті әртісі үшін уайымдаған ессіз фанат осылайша, Ахмадиеваны БАҚ өкілдері арқылы тапқан көрінеді.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

- Алғашында сенген жоқпын, сосын мүмкін сөйлесіп көріп, ол кісіге психолог маманын жіберейін деп те ойландым. Шыны керек, мұндай адамдармен бірінші рет кезігіп тұрғандықтан, қатты қорыққаным бар.

Дәл осындай жағдай Фариза Ескерместің де басынан өткен. Актрисаны бәз біреу қайда барса да артынан қалмай, аңдыған көрінеді. Сол сәтте сылқым бар батылын жинап, жанкүйерімен сөйлесуді құп көрген.

Фариза Ескермес, актриса:

-Енді, қызбала болғаннан кейін қорқып кеттім. Түсіндіріп айттым бірақ, рақмет үлкен, түсінемін бірақ олай істемеңізші деп. Өйткені мен қандай ресторанға барсам да, менің артымнан барады. Бір жұмысы жоқ адам сияқты да. Бір үлкен жігіт кәдімгідей.

Тұрардың да пәтерін жағалайтын жанкүйерлер жетерлік. Алайда үлкен сахнаға енді қадам басқан жас әншінің фанаттарына айтар шағымы жоқ. Тіпті өнер иесі: «Олармен суретке түсуге де ерінбеймін», - дейді.

2RAR, әнші:

- Үйде тұрам ғой мен, кейде сториздер саламын сол кезде балконнан тұрсаң, қарап тұрады үстіне. қолыңды көтерсең, "аа" деп. Бірақ қатты приятно болып қалады. ондай кезде сразу шығып, суретке түсіп.