Леди Гага карантиндегі ең табысты әнші! Өнер иесінің соңғы жетістіктерін саралаған музыка мамандары дәл осылай дейді. Тыңдарманын тың туындыларымен қуантып жүрген әйгілі жұлдыз, түрлі чарттардың көшін бастап жүр. Тіпті поп орындаушы тректерінің сатылымымен, жарты жылдың ішінде 50 млн доллар пайда көрген.
The Weeknd те сұраныстағы жұлдыздар қатарында. Оған музыканттың 3 ай бұрын жарық көрген «After Hours» альбомы негіз болды. Канадалық өнерпаздың аталмыш жинаққа енген әрбір трегі наурыз, сәуір және мамыр айларынды тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан.
Карантинде ең көп қаржыға кенелген әртістердің үштігін Дуа Липа түйіндейді. Британдық орындаушының әндері 407 млн рет тыңдалса, видеоклиптерін 301 млн-нан аса көрермен тамашалаған.
Еске салсақ, Дуа Липа жоспарлаған әлемдік турнесін кейінге шегеруге мәжбүр болған еді. Алайда сылқым пандемия кезінде бейнебаян таспалап көптің көңілінен шыға білді. Бүгінде Дуа Липа «Spotify» мен «YouTube» платформаларының үздігі.