Карантин шоу-бизнес өкілдерінің бірі үшін шаңырақ көтеріп, енді бірінің тұрмысқа шығуына оңтайлы кезең болды. Таяуда ғана екінші рет отау құрған Алтынай Жорабаева күйеуін көрсетті. Тіпті, қыздары Жорабаеваның жарын «әке» деп атайды екен.
Екінші рет тұрмысқа шығып, «сүйіктімді жолықтырдым» деп сүйінші сұраған Алтынай Жорабаеваның жеке өмірі ел аузында. Өнер иесі жарына түрлі тамақ әзірлеп, тұрмыстық өмірімен жиі бөлісіп жүр. Ал, күні кеше оның кіші қызы Жорабаеваның күйеуіне «сүйікті әкеме» деп сыйлық жасаған болатын. Желіге жарияланған бұл видео көпшілікті сүйсіндірмей қоймады!
Дарья Александрова болса, екінші мәрте тұрмысқа шығуға ұсыныс алып қана қоймай, сәби сүюге дайындалып жүр. Алайда аяғы ауыр актрисаның мына қылығы оқырмандардың наразылығын тудырды. Балаларға арналған хауызда секіре билеген актрисаға көпшілік «жүкті әйелге жараспайды» деп, сынға алды. Айта кетерлігі Дарья таяуда ғана өзіне ұсыныс жасаған серінің жүзін көрсеткен болатын.
Даша сынды тұрмысқа шықса да, елді шулатып жүргендердің тағы бірі - Әсел Асқар. Әнші Бүркіттің қарындасы жартылай жалаңаштанып, жарымен бірге видео таспалаған. Асқарқызының бұл қылығын даттап жатқандар жетерлік. Бірі Айбек ағасы қайда қарап жүр десе, енді бірі актрисаға шешінуге рұқсат берген күйеуін «намыссыз» деп сынады.