Брэд Питт пен Анджелина Джоли араларындағы жанжалды қыздары – Шайло үшін ауыздықтай алды. Күні кеше 14-ке толған жасөспірім қос ата-анасына да жақын екен. «Туған күнінде тату болайық» деген Бред пен Энджи енді ренжіспеуге уағдаласыпты. «Бұл іс қос жұлдыздың қолынан әзірге жақсы келіп жатыр», - дейді инсайдерлер.
Күні кеше Леди Гага мен Ариана Гранде«Rain On Me» әніне бейнебаян ұсынып, ерекше образдарымен ел назарын өздеріне аударған еді! Енді міне, қос сылқым табынушыларына тағы бір тосынсый әзірледі. Олар Гаганың «Chromatica» альбомын жарнамалау үшін, ауа-райының жүргізушісі болып,
табиғаттың түрлі тосын мінезін көрсететін ролик түсірген. Үйлерін су алып жатса да, түк болмағандай эфирлерін жалғастырған әншілердің бұл видеосы көпке ұнағандай!
2015 жылы Трэвис Скотт пен Рианнаның қарым-қатынасына төрткүл елдің бәрі көз тігіп отырды. Бірақ қос жұлдыз махаббаттарын құпияда ұстауды жөн санап, сезімдерін ресми растамады. 2016 жылы жолдары екіге айырылғаннан кейін Трэвис, тек араға 4 жыл салып қана, Рианнаның өзін осы уақыт бойы тек пайдаланып келгенін сұқбатында айтқан. Сосын Скотт 2017 жылы Кайли Дженнермен жұп болды. Бүгінде олардың екі жастағы қыздары бар.