Ринат Гайсин мен Динаяның арасында сезім бар деп топшылаған жұрт көп еді. Гайсин мырза алғаш рет ашылып сұқбат беріп, алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды. Композитор әнші арумен көңіл жарастырып, тіпті бүгінде бір шаңырақ астында тұрып жатқанын ашық айтты!
Ринат Гайсин мен Динаяның көңіл жарастырып жүргенін желідегі оқырманы баяғыдан байқаған-ды. Оның үстіне Диная осы күнге дейін инстаграмдағы парақшасына провакацияға толы суреттер жариялап келген еді.
Ринат Гайсин, композитор:
- Диная кебірек фотолар салып жатыр. Сіз рұқсат бердіңіз бе? Әрине адамдар енді түсінеді ғой, біледі ғой. Адамдарды алдай алмайсың ғой енді.
Осылайша Гайсин «ғашықтықты жасыру мүмкін емес» – дейді. Бүгінде ол Динаямен бір шаңырақ астында тұрып жатқанын мойындайды. «Шығармашылық тандем махаббатқа ұласты» деген Ринат үшін карантин пайдалы өткен.
Ринат Гайсин, композитор:
- Диная екеуміз күнде үйде мысалы тамақ пісіреміз ба немесе далаға шығамыз ба, бірақ үйге келгенде мысалы бір аптада немесе бір үш-төрт күннің ішінде бір ән жазуға тырасамыз. Динаяға жазылған әндерім әрдайым да махаббатпен шығатын әндер.
Музасын тауып, махабаттан мас болған Гайсинның шығармашығында да жаңалықтар жетерлік. Композитор жеке альбомның жұмыстарын бастап кеткен. Сондықтан да Гайсин тыңдарманның жеке өмірінен гөрі шығармашылығына қызығушылық танытқанын қалайды.
Ринат Гайсин, композитор:
- Халқымыз деген жеке өміріме емес, өзімнің шығармашылық өміріме мән берсе, шығармашылық жолымдағы әндерге, әндері сол халықтың құлағында қалып қойса, немесе бір кішкентай бір халқымыздың, еліміздің тарихында кішкентай бір кірпіш қаласам мен үшін үлкен арман.