Шетелдік жұлдыздар үшін карантин кезі оң әсерін тигізіп жатқан сыңайлы! Мәселен, әйгілі сәнбике Ким Кардашьян студенттерге онлайн сабақтар оқып жатыр. Бикешке «құқық қорғау» пәнінің мұғалімі атану бұйырыпты.
Жаһанды жалынша шарпыған «COVID-19» індетінің кесірінен, барлық мектеп оқушылары мен студенттердің сабағы онлайн форматқа көшті. Бұл бастаманы қолдап, қайғының қара бұлтын сейілту үшін Ким Кардашьян мен Мэтью Макконахи тәлімгерлерге желі арқылы дәріс оқыды. Әйгілі сәнбике «құқық қорғау» сабағының мұғалімі атанса, Мэтью «журналистика» пәнінен дәріс берген. Қос танымал да ұстаз болу ұнағанын жеткізіп, желіге пост қалдырған.
Ал Шарлиз Терон үшін үй изолизациясы, керісінше нағыз қамаққа айналғандай. Актриса инстаға салған соңғы постында, аяулы ананың рөліне ене алмай жүргенін айтқан. Шарлиз сегіз жастағы Джексон есімді ұлы мен төртке жаңа толған Огаст атты қызына осы кезге дейін дұрыс көңіл бөле алмағанын жасырмай жазыпты. «Екеуі бірден мойыныңа асылғанда, күн ұзақ қасыңда жүргенде қолайсыз сезім пайда болады екен. Олардың биологиялық анасы болсам да, әлі үйренісе алмай жатырмын. Карантин балаларымды жақыннан тану үшін берілген жақсы мүмкіндік сияқты», - деп бикеш өз сөзін түйіндеген.
Линдси Лохан араға ат тұяғындай 12 жыл салып, жаңа синглды жарыққа шығарды! «Back To Me» аталатын әнін Линдсидың жанкүйерлері ұзақ күтті. 2008 жылдан бері шығармашылық үзіліс алған ол, енді сахнаға қайта шығуға дайын екенін жеткізген. Бұған дейін жаман әдеттерге үйір болған Лохан: «бәрін басынан бастаймын», - дейді. Әншінің бұл батыл қадамын құптап жатқандар жетерлік.