Әлемді жайлаған «Коронавирус» кесірінен Жарқынай Ханайым үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болды. Еске салсақ, Баян Алагөзованың ақ келіні қуанышты күнге барын сала әзірленіп жатқан еді. Тіпті, бикеш той көйлегін таңдауға кіріскен.
Жарқынай Ханайым, әнші:
-Көйлекке қатты уайымдаған жоқпын, бірақ уайымдау керек екендігін түсіндім. Өткенде бір көйлек барып көрдім. Ол ұнамай қалып, енді екінші көйлекті көруге ертең кетіп бара жатырмын.
Өнер иесінің тойы 21-ші наурыз өтуі тиіс еді. Алайда, елдегі жағдай сылқымның қуанышын кейінге ысыруға мәжбүрлеген.
Той-томалақ, мерекелік думандарға шектеу қойылуы өнер өкілдерін де аздап алаңдатып жатқан көрінеді. Мәселен, Гүлназ Жоланова тойды қазақтың қазынасына балайды.
Гүлназ Жолнова, актриса:
- Келген қонақтардың билегені жақсы, көңіл көтергені жақсы. Міндетті түрде сыйлы-сыйлы үлкен адамдарға, алыстан келген адамдарға, өзімнің жақын туыстарым билеп, сол жерде көңіл көтерсе өте меніңше жақсы болар еді.
Одан бөлек, үлкен банкеттердің өткізілмеуі «тойбизнестегі» әртістер қауымын қаламақыдан қағып жатқаны да жасырын емес. Алайда, Қайрат Әділгерей қалтасының қамы емес, халықтың қуанышы үшін алаңдайды.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Дастархан жайылған жерде періште отырады екен. Өйткені, дастарханда бір-біріне тілек бата айтқан тілекті, лебізді періште алып кетеді екен жоғары қарай, Соны орындауға, соның батаның қабыл болуына жұмыс істейді екен.
Санжар Мәди, актер:
– Тойсыз, онда айтылатын игі тілексіз қазақты елестету мүмкін еместей көрінетін. Меніңше ол, Марвел сынды фантастика.
Сондықтан, «короновирус» індетті кейінге шегініп, көп ұзамай той десе қу бас домалайтын қазақ халқы қуанышын бәз-баяғыдай атап өтеді деп үміттенеміз.