Жаңа жыл қарсаңында, ең үздік тартулар көшін ақшалай сыйлық бастап тұр. Ал, екінші орынға шет елге саяхат жайғасса, үшінші болып смартфондар мен мен бағалы әшкей бұйымдыр орналасқан. Бұл сыйлықтар қолданыссыз тұрып қалмасы анық. Сондай-ақ, жылы пижамалар да сұраныста. Ең көп берілетін сыйлықтардың бестігін кәдімгі саптыаяқтар тұйықтайды.
Жаңа жылдық сыйлық әзірлеуде отандық өнер өкілдері де бас қатырып жүрген көрінеді. Мәселен, Алуа Қонарова әдеттегідей Ringo World ұжымына қандай презент дайындайтынын білмей дал. Есесіне, продюсер өзінің анасына не қажет екенін жақсы біледі.
Алуа Қонарова, продюсер:
- Мен анама сыйлық дайындап жатырмын. Одан бөлек, анама осы жақтың дәмді жылқы етін, қазы-қарта, жал-жаясын алып бармақшымын. Жақсылап ет асып, бешбармақ дайындап беремін.
Өнердегі анасы Алуа Қонаровадан тәлім алған Аянаттықтар да бір-біріне мерекелік көңіл-күй сыйлауға ниетті.
«Ayanat» тобы:
- Мен екінші жыл бойы қыздарға нәски сыйлап жатырмын. Мен үшін ол ең күшті сыйлық. Біздер де қуанамыз, ол нәски сыйласа. 3-12 не только ұл балдарға сыйлайды. Сіздер ренжімеңіздер, қыздарға сыйласа да біз қуанамыз. Так что күшті. Ал қазақ эстрадасыны примадоннасы Роза Қуанышқызы жаңа жылда ешқашан сыйлықсыз қалмайды. Қос ұлы өнер иесін барынша таңқалдыруға тырысады екен.
Роза Рымбаева, ҚР халық әртісі:
- Мен ешқашан да сыйлық күтпеймін, бірақ ұлдарым міндетті түрде сыйлық сыйлайды. Кейде бір киім әдемі беріп жатады, кейде айфон беріп жатады.
Халық сүйіктісіне жаңа жыл ерекше мереке. Себебі, дәл осы күн Роза Рымбаева үшін тағдырдың ең бағалы тартуы – кіші ұлының дүниеге келген күні.
Роза Рымбаева - ҚР халық әртісі:
- Жаңа жылда менің кіші ұлымның туған күні. Мәди биыл жиырмаға толады. Сол 2020-ны Мәдименен, Әлименен президенттің құттықтауымен жаңа жылды қарсы алып, одан кейін Мәдидің туған күнін тойлаймыз.