Әлемге әйгілі, ең беделді музыкалы «Billboard» басылымы табысты альбомдар тізімін ұсынады! Бұл апта Гарри Стаилс көш бастайды! One Direction-ның «Fine Line» жинағы шыға салысымен, сатылымы жағынан рекорд орнатуда.
Су жаңа альбом алғашқы аптасында-ақ Америкада 483 000 данамен таралып үлгерген. Осылайша, Гарри 2019-дағы үздік дебьют аталымына лайық деп танылды. Алайда, жеке шығармашылығын шыңдап жүрген өнерпаз, жетістігінің барлығы өзі өнер көрсеткен One Direction-ның арқасы екенін айтудан жалыққан емес.
Post Malone болса, «Billboard» тізімінде екінші орынға жайғасты! Бірнеше айдан бері чарттардан есімі түспеген әнші үшін, сөзсіз биылғы жыл ең табысты. Музыканттың «Hollywood's Bleeding» жинағы жарық көргелі, альбомның тыңдалымы секунд сайын артуда.
Кантри әуендер де топ тректер тізімінде! Дәл осындай пайымға,
Блэйк Ше́лтон жеткен жетістігінен кейін келуге болады. Америкалық орындаушының «Fully Loaded: God's Country» жинағы сатылымы жағынан топ жарғандар қатарында. Еске салсақ, кезінде Шелтонның алғашқы альбомы бірден платиналық, ал екіншісі алтын атанған еді.