Мақпал Исабекова мен Луинадан ерек коллаборация! «Моя любовь» трегіне ортақ бейнебаян ұсынған қос құрбы, талай жыл дос болса да, өнерде алғаш рет әріптес ретінде жұмыс істеп отыр.
Мақпал Исабекова, әнші:
- Дуэттің идеясымен Луина келді маған. Осындай ән бар неге дуэт жазбасқа дегеннен кейін. Енді әрине, Луина екеміз өмірде дос болғаннан кейін ол бізге жаңағыдай бір, тағы да бір мүмкіндік болды да. Бірге уақыт өткізіп, бірге дайындалып, жаңағы ойластырып, творчествалық ізденісте жүріп.
Күні кеше жарық көрген клип бүгінде тыңдарманның қызу талқысында. Әсіресе арулардың видеоға арнап таңдаған ашық-шашық образдары көпке ұнамаса керек.
Мақпал Исабекова, әнші:
- Луина екеуміз, былай орта буынбыз ғой. Сондықтан енді, ақыл тоқтатқан бірақ сонда да, андай бір тыңдармандарды қызықтырғысы келетін, сондай бір ниетпен шығардық. Жас буынды да алып кететін ойдамыз, ниеттеміз жаңағы үлкендері де, баурап алатын.
Мақпал Исабекова, әнші:
- Дуэттер болады алда, болады міндетті түрде, ондай кеше ғана мен сондай бір ой келді да маған. Бірақ оны айтпай-ақ қояйын қай әртіспен жазғым келетінін бірақ бір жас әртіспен дуэт жазғым келіп отыр.
Олай болса, Мақпал тыңдарманының тағатын тауыспай, жаңа тректер ұсынады деп үміттенеміз!