Жаңа жыл қарсаңында тынбай еңбек ететін өнер өкілдері, қысқы демалыстарын жоспарлап әлек. Тіпті шоу-бизнес өкілдері арасында ел аралауға кірісіп кеткендер де бар. Мәселен, Баян Мақсатқызының сүйіктісімен бірге Дубайдан басталған демалысы Тайландтың Самуй аралында жалғасып жатқанына 2 аптадан асып қалды.
Ал Зарина Омарова демалысқа чемоданын дайындап қойғалы қашан. Тек қай елге баратынын анықтай алмай әлек.
Зарина Омарова, әнші:
- Он күндей демалып, кішкене сабақтың алдында бой жазып, жолдасым, мен де жұмыстың алдында бой жазып, загар алып дегендей. Турция, Дубай деген сияқты елдерге баратын шығармыз.
-Балаларға ыңғайлы жер дейсіз ғой.
-Ия, Балаларға ыңғайлы елдер, өйткені ол жақта балаларға жасалған барлық нәрсе бар. Сол үшін сонда ұмтыламыз.
Ал EQ тобы жаңа жылды екінші отбасы - Дара Интертейментпен бірге тауда қарсы алмақ ниетте. Мұхит асып, ыстық жаққа бару жоспарларында жоқ.
«EQ» тобы:
40-43 - Біз шетелге жазда шығып келдік, жазда барып демалып келгенбіз. Соның энергиясымен әлі жүрміз.
Шетелге шығынданбай, еліміздің әсем табиғатында демалғанды құптайтын жалғыз EQ- ліктер емес. Қарақат Әбілдина да отбасымен бірге Бурабайдың баурайында шаңғы теуіп, сырғанауды жөн көреді. «Қыстыңкүні суықтан қашқанымыз дұрыс болмас»,- дейді әнші.
Қарақат Әбілдина, әнші:
- Бурабай жағындағы әдемі демалыс орнына барамыз, жалпы шетелге баруды жоспарлап отырған жоқпыз. Әдетте жаңа жылд, қысқы демалысты өзіміздің елде шана теуіп, сырғанап, жылы киімімзді киіп, міндетті түрде отбасымыздың қасында , сондай әдемі күндер өткіземіз»
Демалысын ауылында өткізетіндердің бірі - Серік Ибрагимов. «Ақшаны үнемдеп жатқандықтан, тіпті ауылдың өзіне жаяулатып бармасақ болғаны»,- деп қалжыңдады әнші.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Биыл демалмайтын шығармыз. Себебі біз үйге кірісіп жатырмыз, Аллах бұйыртса биыл үй аламыз. Ремонты бар ішінде. Сондықтан да демалыс жоқ, сол, ауылға баратын шығармыз тағы да.